27
Кесте
3
Жылқы етінің санатқа бөлінуі
Семіздік
санаты
Сипаттамасы
Бірінші
Ересек жылқылардан алынған жылқы еті: Ұшаның бұлшық
еттері жақсы дамыған, арқа және бел омыртқаларының тіреу
өскіндері, ары көрініп тұрмайды. Май қыртыстары мойынның
жоғары шетінде, құйымшақ, қабырға жағында, сан етінің сырты
мен қарын қабырғасының ішкі бетінде болады.
Жас жылқылардан алынған жылқы еті: Ұша
бұлшық еттері
жақсы дамыған, қаңқа сүйектері көрініп тұрмайды. Тері
астындағы май қыртыстары көп емес. Қарын қабырғасының ішкі
бетінде елеулі жұқа май қабатының жұқа қабаттары бар.
Екінші
Ересек және жас жылқылардан алынған жылқы еті: Ұша
бұлшық етттері қанағаттанарлық дамыған, қаңқа сүйектері
білінер
-
білінбес көрінеді. Шамалы май қыртыстары қарын
қабырғасының ішкі бетінде бар.
Елімізде, яғни Республикамыздың өз ішінде, сондай
-
ақ халықаралық
нарықта үлкен сұранысқа ие болып отырған жылқы еті өнімдерінің
көптеген
ассортиментін шығарады. Р. Қадірованың еңбектерінде көрсетілген жылқы
табындап бағылатын аудандарда қазы, шұжық, жая, жал, қарта, әсіп сияқты
ұлттық ет тағамдарының жасап шығару жолға қойылған. Жылқы етінен
«Антрекот», «Таңсық ет», «Орама ет», «Тұздықты құлын еті», «Шөлейттік
тартылған ет», «Тұздықты жылқы тілі» сияқты консервілер, сондай
-
ақ «Алып»
деген шикілей ысталған шұжық, сырты оралған «Хош иісті» тәрізді өнім,
пісіріліп
-
ысталаған төстік, ұсақтап туралған жылқы еті, тағы басқа өнімдер
жасалады.
Семей, Петропавл, Қарағанды, Алматы сияқты ірі қалалардың ет өңдеу
кәсіпорындарында
жылқы етінен бірнеше сортты тамаша колбасалар және
консервілер жасалады. Бұрыннан
жасалып жүрген «Алматы», «Арал»,
«Қарағанды», «Достық» шұжықтарымен бірге
кейінгі кездері
«Батыр» шұжығы
да жасалатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: