Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет8/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
ӘӨЖ 37.011.31:82.085 
 
Қазіргі заманауи ритор-мұғалімнің  тұлғасы 
 
Тұрғаналиева Г.Г., 
магистр-аға оқытушы, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Кулдашева М.С., 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
№5 ЖОББМ, 
Орал қаласы 
 
Еліміз  егемендік  алғалы  қоғамдық    жүйелердің    барлығын  ұлттық    құндылықтармен 
толықтырып,    жаңартып  жатқан  тұста  білім  беру  саласындағы  өзгертулер  мен  жаңартулар  
халықтық  болмыс  пен  ұлттық    құндылықтарға  ойысып  келеді.  Бұндағы  негізгі  мақсат  –  болашақ 
ұрпақты    халықтық  дәстүрмен    тәрбиелеу,  ұлттық  қасиеттерді  бойына  сіңіре  отырып,  олардың 
тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыру.  
Халқымыз өткір тілімен айтылған  салмақты, терең ойға, ділмар  данышпандықпен  айтылған 
үкім  сөзге    қаулы-қарарсыз-ақ  тоқтап,  «бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  болып,  шешілмеген 
дау, алынбаған жау қалмаған. «Ханның тағынан шешеннің  бағы артық» немесе «Ерді екінің  бірі 
туады,  шешенді  мыңның  бірі  туады»  деп  шешендік  өнерді  тақтан  да  артық  бақ  санап,  жоғары 
бағалаған емес пе? 
Қай халықта болсын  тәрбиенің  негізгі бастау бұлағы – халықтық педагогика, сол халықтық 
педагогиканың  басты құралы сөз өнері екені мәлім.  Сондықтан  өз ұрпағының  болашағын ойлаған 
шешен тәрбиешілер жастарды ең әуелі сөз өнеріне, яғни шешендікке, сөз сөйлеу  мәдениетіне,  өз 
ойын тиянақты  жеткізе білуге  тәрбиелеуі тиіс. 
Адам  өмірінің  мәні  -  білім  мен  тәрбие    десек,  оны  шәкірт  бойына    сіңіретін  құдірет  иесі  – 
ұстаз.  «Мұғалім  –  мектептің  жүрегі»  деп  тегін  айтылмаса  керек.  Тынымсыз  соққан  жүректей 
үздіксіз  ізденіс пен ерен еңбек әйтеуір  бір нәтежиеге жеткізеді. 
Педагогика    өмір  сүріп  келе  жатқаннан  бері    мұғалімнің    жеке  басын  және  оның  еңбегін 
зерттеуге  үзбестен    көңіл  аударылып  келеді.  Я.Коменский  алғашқылардың  бірі  болып  ұстаз 
қызметін  мәртебелі  деп бағалады.  К.Ушинский  мұғалімнің   жеке  басы  жастар   үшін еш  нәрсемен 
айырбастауға  болмайтын жанып тұрған  күн нұры, тәрбиешінің  жеке басы  – бүкіл тәрбие ісі деп 
атап көрсетті. 
Елбасымыз  «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының  өсуі:  табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру» 
тақырыбындағы  дәстүрлі  Жолдауында  келесі  жылы  «Педагог  мәртебесі  туралы»  заңды  әзірлеп, 
қабылдау  қажет  деп  санайтындығын  айтқан  болатын.  Себебі  ұстаздық    мамандық  өзге  мамандық 
атаулының  бәрінен  өзгеше.  Оның  іс-әрекетінің  бәрі  ұрпақ    тәрбиесіне,  оны  жеке  адам  етіп 
қалыптастыруға  арналады.  Жас  ұрпақ  бойына  жағымды  мінез-құлық    сіңіріп,  оны  жақсы  мен 
жаманның  ара жігін ажырата алатындай ету, қоғамның көркеюіне  белсенді қатысушы дәрежесіне 
жеткізу  мұғалім  міндетіне  жүктеледі.  Сондықтан  болашақ    ұрпақ  бойынан  табылатын    қасиеттің  
бәрі мұғалімнің бойында болуы шарт.  
Мұғалім  –  ең  алдымен,    жоғары  дәрежедегі    тұрақты  модальділік  және  псхологиялық-
педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп  оқушылардың ойы 
мен  жүрегіне  жол тапқан,  педагогикалық  шеберліктің  қыр-сырын меңгерген  ұстазды айтады. 
Бұл қасиет  оның жеке  басының  ерекшеліктерінен  көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемелік 
меңгеру; 3) мақсат бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен  сөйлеу мәдениеттілігі. 
Шешендік  –  біліктіліктен,  білімнен,  терең  түйсікті    сезімнен,  ұшқыр  қиялдан,  зерделіктен 
тұрады. Болашақ мұғалімдерге  шешендік өнерді меңгертуде Аристотель, Цицерон, Әл–Фараби т.б. 
ойшылдардың  еңбектері, қазақтың  ұлттық ойлауы мен  сөйлеу ерекшеліктері ерекше маңызға ие. 
Ендеше бала тәрбиелеуде  шешендік өнердің  алатын орны жоғары. 
«Шешеннің қуаты, - деп есептейді Цицерон,- тыңдаушының  көңілін бүтіндей аударып, өзіңе 
бағындыра  білуіңде.  Сонымен  бірге  шешен  екі  негізгі  қасиетті    меңгеруі  тиіс,  біріншісі-  нақты   
дәлелдердің  көмегімен  тыңдаушысын иландыра білу, екіншісі- тыңдаушылардың жүрегін айбынды 
да пәрменді сөзбен  жігерлендіре білген  әлдеқайда маңыздырақ». 
Цицерон шешендік сөздегі  ең басты қағида  етіп шешеннің  білімділігін және оның жалпы 
мәдениетін  алады.  Цицеронның  өзін  де  табысқа  жеткізген  осы  қасиеттер  еді.  Білімділік  пен  көп 
мағлұматтылық    шешенді    сәтті  әрекеттерге  жетелейді.  Шешеннің  өнегелі,  жағымды  көзқарасы  -  



 
шешендік өнердегі ең бастысы. Адам тағдырына  қатысты дұрыс  шешім қабылдауға  көмектесуге 
өте қажет қасиет. Білімдарлық пен көп нәрседен  хабардарлық, мықты логика, сондай- ақ  шешендік 
әрекеттегі  тәжірбие, дауыс күшін игеру қабілеті сөз  өтімділігінің  негізі болып саналады.  Цицерон 
«Шешенде    диалектіліктің  тапқырлығы,  философтың  ойы,  ақынның    тілі,    заңгердің  есте  сақтау 
қабілеті,  трагиктің  даусы  болуға  тиіс.  Шынайы  шешен    халық  өмірі  мен    әдет-ғұрып,  салт-сана 
дәстүрлеріне  мейлінше жетік  болуы керек» деп түйіндейді. 
Ғаламдану жағдайында ұлттық  мүдде мен көзқарас жойылып кету қаупі де жоқ емес. Қазіргі 
ақпараттық  тасқын әлсізді шайып, жағаға ысырып тастауға бейім. Халықтық педагогика тізгінінен 
айырылсақ,  ұлттық  қаймағымыз  да  бұзылады,  рухани  дүниеміз    ойсырайды,  қиялымыз                  
«тобырлық  мәдениет»  қамауына  түседі,  тіліміз  шұбарланады,  діліміз  азады,  адамымыз  тозады. 
Біздіңше,  қазіргі таңда барлық салада да шешендіктану ілімінен хабардар болудың  қажеттілігінің, 
аса өзектілігінің де себебі осында жатыр. 
Шешен азамат, интеллект. Шешен – жазу-сызу өнерінің, дұрыс сөйлей  білу кәсібінің  адамы. 
Шешен – бойына адамзат мәдениетін, әдеп әлемін жинақтаған тұлға. 
Шешендіктану  ғылымы  қамтылмайтын  тақырып  кем  де  кем.  Түйткілді  көсіле  сөйлеу  сөз 
арқылы шешіледі. Соған орай шешен сөйлеуші адамның жауапкершілігі де күшейеді. Жаңа заманда 
осы  сауалға  сұраныс  туған  жағдайда  шешендіктану  пәні  мұғалімі  жан-жақты  болуы  шарт.  Сала 
маманына тән қасиет – өз түйінін дәлелдеп, айтқанын өткізетін, ойын батыл қорғай алатын қайсар 
мінез, ұлтына деген шексіз сүйіспеншіліктің болуы. Сондықтан бүгінгі ритор-мұғалім қандай болуы 
керек? 
Тәжірибеге  сүйінсек,  шешен  бойында  қалыптасуы  тиіс  жеке  бас  қасиеттеріне 
шешендік 
этика,  ұстаздық  шеберлік,  шешендік  эрудиция,  сөйлеу  мәдениеті,  шешендік  импровизацияны
 
жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет