Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың



бет3/78
Дата04.01.2022
өлшемі3,81 Mb.
#10786
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Мақсаты: Бағдарламаның мазмұнын әдістемелік қолдауды және мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру;

- мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің сабақтастық ұстанымын іске асыру;

- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және ата-аналарға кеңес беру.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН

ОҚЫТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Әрбір жасқа арналған әдістемелік жұмыстың бөлімдерінде білім беру салаларының мазмұны және балалардың Бағдарлама мазмұнын игерудегі жоспарланған күтілетін нәтиже ашылған.

Білім беру қызметі балаларға шамадан тыс салмақ салмай, тәрбиелік, дамытушылық, білімдік мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге бағдарламалық білім беру міндеттерін шешу тек қана ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемінде ғана емес, сондай-ақ режимдік сәттерді өткізу кезінде де ересек пен балалардың бірлескен әрекеті ретінде және мектеп жасына дейінгі балалардың дербес әрекеттерінде де қамтамасыз етіледі.

Білім беру үдерісін құру балалардың жастарына сәйкес түрлеріне негізделеді.

Жұмыс түрін педагог мектепке дейінгі ұйымның бағыттарының ерекшелігіне, жабдықталуына (материалдық-техникалық қор), мәдени және аймақтық ерекшеліктерге, педагогикалық үдеріске қатысушылардың тәжірибесіне, педагогтардың шығармашылық әлеуетіне сәйкес өздігінен таңдайды.

Білім беру үдерісі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.Дене дамуы: кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар;

2.Әлеуметтік-тұлғалық даму: режимдік сәттерді өткізуде жағдаяттық әңгімелесу, олардың қажеттілігін түсіндіру; тапсырмалар арқылы еңбек дағдыларын дамыту (кезекшілік, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ересектерге көмектесу; сабаққа қажетті мүліктер мен құрал-жабдықтарды орналастыру, жинастыру, қимылдық ойындар мен жаттығуларға арналған құрылымдарды құрастыруға балаларды қатыстыру); режимдік сәттерді өткізуде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру;

3.Танымдық-тілдік даму: тілдік дамытушы ортаны құру (ойындарда, бақылауларда балалармен еркін диалогтар, балалармен жағдаяттық әңгімелер, еңбек қимылдары мен гигиеналық шараларды атау); балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру.

4.Көркем-эстетикалық даму: балалардың күнделікті тіршілігінде музыканы қолдану(ойында, қолы бос кезінде, серуенде, бейнелеу әрекетінде); қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстарға, бөлмелерді безендіруге, жабдықтардың тартымдылығына, бөлменің, заттардың, ойыншықтардың әсемдігі мен тазалығына балалардың назарын аудару.

Дұрыс күн тәртібі – бұл балалардың күні бойғы әртүрлі әрекет түрлері мен демалысының тиімді ұзақтығы және жүйелі ауысуы. Күн тәртібін дұрыс құрудың негізгі ұстанымы оның балалардың жас психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі болып табылады.

Режимдік сәттерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ баланың жеке ерекшеліктерін (ұйқының ұзақтығы, талғамдарын, іс-әрекеттің қарқыны және т.б.) ескеру қажет. Балабақшаның күн тәртібі баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес жасалған болса, онда ол өзін жайлы сезінеді, оның көңіл-күйі мен белсенділігі де жоғары болады.

Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру:

- тұтас үдеріс аясында білім беру салаларының мазмұнын іске асыруды;

-баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және оның әлеуметке үйлесімді енуін қамтамасыз етеді.

Білім беру міндеттері бағдарламалық материалды беруде кешенді тәсілді мақсатқа бағыттап қолданғанда тиімді шешіледі.

Кіріктіру ұстанымына сәйкес, бір саланың білім беру әрекеті барысында басқа білім беру салаларының міндеттерін бір мезгілде шешу қажет. «Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін шешкен кезде бір мезгілде «Әлеумет» білім беру саласының дағдылары қалыптасады, «Таным», «Коммуникация» білім беру салаларына қатысты білім мен білік қаланады және т.б.

Әр білім беру саласының мазмұнында балалардың жарты жылдықтар бойынша игеретін негізгі білім, білік және дағдыларының күтілетін нәтижелері анықталған.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне, оның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға заманауи тәсілдерді қолдануды көздейді.

Ойын әрекетін ұйымдастыру

Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың қоғамдық өмірінің ерекше түрі, олардың қалауы бойынша біріктіретін, өз бетінше әрекет ететін, өзінің ойларын жүзеге асыратын, әлемді танитын әрекетінің негізгі түрі болып табылады. Ойын әрекеті әрбір баланың физикалық және психологиялық дамуына, адамгершілік-жігерлі қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ойын – балалардың тіршілік әрекетінің негізгі түрі ретінде қарауға болатын, қайталанатын құбылыс.

  Бағдарламада балалардың жастарын ескере отырып, сюжетті-рөлдік, дидактикалық, қимылды ойындар, драмалық ойындар, өз бетінше ойындар, сондай-ақ заттарды алмастыратын ойыншықтармен және ойын қимылдарымен барлық ойын түрлерін дамыту мен қолдану әдістері анықталған. Барлық ойын түрлері танымдық, шығармашылық әрекетті және балалардың әлеуметтенуін ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Еңбек әрекетін ұйымдастыру

Еңбек әрекеті - мектепке дейінгі тәрбиенің құрамдас бөлігі, еңбек дағдыларын қалыптастырудың негізі, тұлға аралық қарым-қатынас мәдениетін дамытудың маңызды құралы болып табылады. Бағдарламада балалардың жас мүмкіндіктерін ескеріп еңбексүйгіштікті, ересектердің еңбегіне қызығушылықты дамыту, еңбек етуге ынталану; табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым еңбек әрекеттері дағдыларына тәрбиелеу міндеттері қойылған.

Балаларды еңбектің қоғамдық бағытының рөлімен, оның әлеуметтік маңыздылығымен таныстыруға, еңбек адамдарына сыйластық қарым-қатынас қалыптастыруға, қоршаған ортадағы заттар адамның қолымен жасалғанын сезінуге және оларға ұқыптылықпен қарауға басымдық берілген.

Күтілетін нәтижелер жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес, аталған жастың балаларының тіршілік әрекетінде қолданатын, нәтижесінде білім, білік, дағдыларының деңгейлері анықталатын білім беру салалары мазмұнын меңгеруді қарастырады.



Ата-аналармен жұмыстарды ұйымдастыру

Бала үшін отбасы- бұл қоғамдық тәжірибенің қайнар көзі. Отбасында ол үлкендерге еліктейді, мұнда оның әлеуметтік болмысы қалыптасады. Егер біз дені сау ұрпақ өсіргіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз керек.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің басты мақсаты- балаларды тәрбиелеуде отбасына кәсіби тұрғыдан көмек көрсету, оны ауыстырмай, толықтырып және оның тәрбиелік қызметін толықтай іске асыруды қамтамасыз ету.

Жоғарыда аталған отбасылық қарым-қатынастарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуі қажет:



  • балалар мен ата-аналарға сыйластықты тәрбиелеу;

-отбасылық шағын ортаны зерделеу үшін ата-аналармен өзара әрекеттестік ;

-отбасының жалпы мәдениетін және ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру;

-балалармен тәжірибелік жұмыстың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және теориялық білімдердің негізі арқылы ата-аналарға тәжірибелік және теориялық көмек көрсету

-отбасын жеке- саралау тәсілі арқылы ата-аналармен ынтымақтастық және бірлескен шығармашылық түрлерін қолдану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет