«ҚАТЫНАС» білім беру саласы (72 сағ)
Мақсаты: ана тілін және мемлекеттік тілді үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға дайын, мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру, қарым-қатынас құралы ретінде халық тіліне, тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Екінші кіші топтағы «Қатынас» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
- тіл дамыту, 36 сағ. («Тіл дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; сөздің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу; шығармашылық тілдік қызмет). «Тіл дамыту» тарауының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ғана емес, сондай-ақ күні бойы алуан түрлі балалар іс-әрекетінде жүзеге асуы тиіс.
- көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; жаттауға арналған шығармалар; сахналандыруға арналған шығармалар);
- орыс тілі, 18 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; сөздің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту).
Тіл дамыту әдістемелігінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- сөздерде а, у, и, о, э дауыстылары мен кейбір п-б, т-д, к-г, н-ң, с-з-ш дауыссыздарын анық етіп айту);
- сөздерді жекеше-көпше түрде, септік жалғауларымен үйлестіру;
- анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыштарды енгізу арқылы жай сөйлемдерден күрделі сөйлемдер құрастыру;
- сұрақтарға жауап беру;
- тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар туралы және сурет бойынша әңгімені қайталау;
- таныс әдеби туындылар мен ертегілерден алынған үзінділерді сахналандыруға қатысу;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу.
Көркем әдебиет мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- тәрбиеленушінің сұрақтары көмегімен көркем шығарманың мазмұнын әңгімелеу;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу;
- көркем әдебиет туындыларының мазмұны бойынша сұқбатқа қатысу;
- тәрбиешінің көмегімен таныс ертегілерді сахналандыру.
Орыс тілінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- жақын айналасындағы кейбір заттарды атау;
- іс-әрекеттерді түсіну мен орындау: ал, бер, әкел;
- жай сөйлемдер құрастыру: «Мынау – доп», «Мынау – менің анам, әкем», «Менің атым Айдос, Айгүл»;
- ересектердің үлгісімен ойыншық, жемістер, жақын айналадағы заттардың қысқаша сипаттамасын қайталау (2 сөйлемнен);
- қысқа тақпақтар мен әндерді жатқа білу.
Достарыңызбен бөлісу: |