Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет137/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153
Иманбердиева С.Қ.
Алматы/Қазақстан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

Онимдердің көркем шығарма ішінде ең негізгі қызметтерінің бірі – мәтінтүзу. Бұл мәселеге қатысты онимдердің мәтіндегі беретін ақпаратына қарай бірінші деңгейдегі оним және екінші деңгейдегі оним деп бөліп қарастыруға болады, себебі бірінші деңгейдегі оним мәтінтүзушілік қызметінде синергетикасы мол. Библионимдердің орны ерекше, себебі ескерткіштердегі библионимдер басты мәлімет – мұрасы болып табылады. Сонымен бірге мәтінтүзушілік қызметіндегі бірінші деңгейдегі онимдер қатарына антропоним жатады, себебі басты кейіпкер есімі оқиғаның өрбуіне тікелей себепкер. Онимнің бұл түрі сол сияқты екінші деңгейдегі онимге де қатысты болып келеді, себебі негізгі рөлді атқаратын басты кейіпкерлермен қатар қосымша кейіпкерлер де мәтінде орын алады. Сондай-ақ, жоғарыда келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, мәтіндегі этнонимді де екінші деңгейдегі оним қатарына жатқызуға болады.


Бірегейлендіруші және сипаттаушы қызметі. Атаудың сипаттау қызметінің орындалуында әртүрлі деңгейінде жекелеуші белгісінің бар не жоқ болуы көрініс табады. Олар нақты денотатқа тағылып, оны социумнан бөліп, индивидті нақтырақ бірегейлендіреді. Олар атау иесін қандай да бір әлеуметтік топқа және тұрпат белгісіне қатысын көрсетеді. Сипаттаушы қызметі сөйлем немесе сөз тіркесті формада болуы мүмкін. Мысалы, Қызыл қалқан, Қара құс, Руми қызы т.б.
Әлеуметтік-жекелеуші қызметі. Атау иесін әлеуметтік және қоғамда алатын орнына қарай жекелеуге мүмкіндік береді. Мысалы: Қас Хажыб Жүсіп, Әдіб Ахмет т.б.
Экспрессивті-бағалауыштық қызметі. Экспрессивтілік – атаудың көркемдеуші ерекшелігінің бірі. Семантикалық құрылымдағы эмоция тұрпат межесі мен мазмұн межесінде әртүрлі сезім: құрмет, жиреніш, тамсану, ызалану, аяу т.б. білдіреді. Мұндай атаудың эмоционалды-экспрессивті мағынасы атау берушінің атау иесіне қатынасын білдіретін жасырын коннотация бар. Мысалы, мағынамен Ақыбет – «ақыры, соңы» деп атады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет