Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет147/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153
Нұсқабай Ә.А.
Астана / Қазақстан


Жайсан түрктік ғибадатханасындағы ескерткіштердің тарихи маңызы.

Шу өзені алқабында Кіндіктас тауларының етектерінде кең даланы жайлай орналасқан ежелгі түрк тайпаларының ескерткіштер кешені Жайсан ғибадатханасы ашылып зерттелуде. Жайсан ғибадатханасындағы ескерткіштердің жалпы алып жатқан аумағы 69 мың гектар жерді қамтиды. Өңірде 2001 жылдан бастап жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде 52 – ден астам мәдени кешен тіркеліп, ескерткіштердің құжаттары жасалынды. Әрбір мәдени кешен бір жотада топтаса орналасқан 5 – 15 жерлеу орындарынан және олардың көп жағдайда шығыс жақ шетінде орналасатын ғұрыптық қоршаулардан, осы ескерткіштер мен бір ландшафттағы жартас суреттерінен және ру таңбаларынан құралған. Кешеннің құрамында тіркеуге алынған қорғандардың жалпы саны 352, ғұрыптық қоршаулар саны 51.


Бір кеңістікте орналасқан жерлеу орындарының құрылымдық жағынан жалпы ортақ белгілері болуы мен қатар өзара айырмашылықтарының болуы заңдылық тәрізді. Себебі, жерлеу орындарында үйсін кезеңінің жерлеу орындарына тән белгілердің орын алуы және Алтайлық түрк тайпаларына тән мәйіттің жанына атты қатар жерлеу дәстүрінің бұл өңірде кездеспеуі, жергілікті мәдениеттің автохтонды үлгісін көрсетеді.
Жерлеу орындарының көбіне шығысында орналасқан ғұрыптық қоршауларда ерлерге арнап орнатылған тасмүсіндер символикалық мәні жағынан шығыс түрк тайпаларының мүсіндерімен үндесіп жатуы рухани-мәдени байланыстың болғандығын көрсетсе, ал қоршауларда ерлерге арналған мүсіндер мен қатар әйелдердің мүсіндерінің орнатылуы жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ғұрыптық қоршаулардан табылған жебе ұштарын зерттеуде ескерткіштердің тарихи маңызын аша түседі. Тасмүсіндерде, стелаларда және жартастарда бейнеленген түрктік таңбалардың осы өңірде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан қазақтардың рулық таңбаларымен үндесіп жатуы тарихи сабақтастықты аңғартады.
Жайсан ғибадатханасындағы археологиялық ескерткіштерді кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдар Жетісудың оңтүстік-батыс өңірінде ерте ортағасырларда жасаған түрк тайпаларының дүниетанымына және материалдық мәдениетіне қатысты тың мәліметтер берді. Батыс Түрік қағанатының орталығы болған Шу өңіріндегі ескерткіштерді зерттеу қазақ халқының және түркі халықтарының этногенезін зерттеуде маңызды орын алады. Ескерткіштерді зерттеу барысында анықталған құрылымдық ерекшеліктері және жерлеу дәстүрінің ұқсастықтары қазақ даласында жасаған ежелгі тайпалар, аты өзгерген мемлекеттер құрамына еніп отырғанымен осы жердің тұрғылықты тұрғындары болып мыңдаған жылдар бойы ұрпақ жалғастырып келе жатқанын дәлелдеуді толықтыра түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет