ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері
___________ Мамбетова А.Қ
«___»_______2015 ж.
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы : Менің - елімнің табиғаты.
Іс-тәжірибе жинақтаушы : Анарханова Н
Жетекшісі : Исматулаева Ә.М
Ақсукент 2014 ж
Сабақ жоспары
Күні : 16.10.2015ж
Тобы : БСО-131
Оқытушы : Анарханова Н
Сабақтың тақырыбы : Менің - елімнің табиғаты.
Сабақтың түрі : Ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі : Интерактивті әдіс, канбан әдіс.
Сабақтың көрнекілігі : Проектор,слайд,түрлі-түсті қағаз,нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс : Психология, педагогика,экология.
Сабақтың мақсаты :
Студенттерге табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Шаттық шеңбер :
Атамекен
Сөзі – Қ. Мырзалиевтікі,
әні – Е. Хасанғалиевтікі.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен,
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен.
Осы әнді айтқанда қандай сезімге бөлендіңіздер?
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, көк кілемде көп аунаймын, көп күлем-деп нені ойға келтіруге болады
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем-деп көз алдымызға нені келтірсек болады ?
Үй тапсырмасы : Менің - туып өскен жерімнің табиғаты ! Студенттер өз туған жерлернің табиғаты туралы слайд қорғайды.
Жаңа ақпарат :
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау. Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.
Бейне таспа : Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында жеткізу.
Көрсетілген бейне таспаны талқылау. Пікір-талас.
Шығармашылық жұмыс :
1-топ Жер ана
2-топ Жасыл желек
3- топ Мөлдір бұлақ
4-топ Күншуақ
Жүрекшелердегі тапсырмаларды орындау .
О йланайық-пікірлесейік :
1. Экология ұғымына түсінік беріңіз?.
2.Экологиялық апат аймақтардың адам өміріне зияны қандай?.
3.Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына сипаттама беріңіз.
4.Мемлекеттік табиғат ескеркіштері дегенімізді қалай түсінесіз?
5. Экологиялық ғылымының негізгі мақсаты мен міндеттерін сиппаттаңыз?
6.Қазақстанның қай қалалары экологиялық аймақ деп аталады ?
7.Мемлекетімізде қоршаған ортаны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуде ?
8. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар ?
Тыныштық сәті : Релаксация « Алтын балық »
Бейне таспа : Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер.
Слайд-шоу : Отаным кең көсілген, төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған мал,алып дән, бәрі менің несібем
Сергіту сәті : «Менің ден-саулығым менің байлығым». Музыка әуенімен бірге жаттығу жасау.
Қорытынды :
Құрметті студенттер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар ?
Қандай жаңалық білдіңіздер ?
Еліміздің табиғатын қорғау кімге міндетті ?
Жүректен-жүрекке :
Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Іс-тәжірибе жинақтаушы : _______________
Жетекшісі : ______________
Достарыңызбен бөлісу: |