Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы


Растрлық графика мен векторлық графика ерекшеліктері



бет2/3
Дата08.07.2018
өлшемі5,28 Mb.
#48828
1   2   3

2.2 Растрлық графика мен векторлық графика ерекшеліктері

Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика 


Кескіндерді ұсыну әдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.


Сонымен, растрлық немесе векторлық форматты таңдау кескінмен жасалатын жұмыстың мақсатына байланысты болады. Егер түс берудің фотографиялық дәлдігі қажет болса, онда растрлық форматты таңдаған дұрыс. Логотиптерді, схемаларды, сызбаларды, безендіру элементтерін векторлық форматта жасаған тиімді. Растрлық пен векторлық графиканың екеуінде де графика (немесе мәтін) монитор экранына немесе баспа құрылғысына нүктелер жиыны ретінде шығарылады. Интернетте графика GIF, JPG, PNG сияқты растрлық форматтарда беріледі, өйткені оларды браузерлер түсіну үшін қосымша модульдерді орнатуды қажет етпейді. Бір қарағанда, векторлық графиканы қолдану тиімсіз сияқты болып көрінеді. Алайда, сызбаларды, суреттерді векторлық графикада орындаған ыңғайлы. Өйткені кез келген сызықты қате сызған кезде оны түзетуге болады. Оған қоса қолданылатын редакторлар .gif , .jpg форматтарына экспорттауды қамтамасыз етеді.

Жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі графикалық редакторлар (растрлық немесе векторлық) қолданылады. Әрине, олардың ортақ қасиеттері де бар – файлдарды әртүрлі форматтарды ашу немесе сақтау, аттары бірдей аспаптарды (карандаш, перо және т.б.) немесе функцияларды (выделение – белгілеу, перемешение – жылжыту, масштабирование – масштабты өзгерту және т.б.) қолдану, қажетті түсті таңдау және т.б. Бірақ, растрлық және графикалық форматтардың қасиеттеріне байланысты редакторларда сурет салу, сызбаларды орындау және редакциялау принциптері әртүрлі. Мысалы, растрлық графикада объектіні белгілеу кезінде объект күрделі формалы облыс түріндегі нүктелер жиыны ретінде қарастырылады. Оны белгілеу көбіне күрделі, әрі қиын болып келеді. Ол объектіні жылжытқан кезде орны «тесік» болып қалады. Ал векторлық графикада объект графикалық примитивтердің жиыны ретінде қарастырылады және оны белгілеу үшін мышканың көмегімен әр примитивті белгілесе болады. Ал егер бұл примитивтер топтастырылған (группировка) болса, оның кез келген нүктесіне меңзесе болғаны. Белгіленген объектіні жылжытқан кезде оның астында жатқан элементтер ашылады.

Қазіргі таңда графикалық редакторлардың бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда. Көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады, кескіндерді векторлық форматқа қосымша орнатылған құралдар (трассировка) арқылы айналдыра алады.

Графикалық деректер форматтары.

Компьютерлік графикада кескіндерді сақтайтын файл форматтарының отыздан аса түрлері бар. Солардың ішінде жиі қолданылатын түрлерін қарастырып көрелік.Компьютерлік графикада бейнені сақтау үшін үш ондық форматты файлдар қолданылады. Бірақ олардың жартысы ғана стандартты «де – факто» болады. Сонымен қатар сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық файлдардан, үш өлшемді бейнелерден тұрады, бірақ басқа кластағы мәліметтерді сақтай алатын басқа форматтар бар.


TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғарғы сападағы растрлық бейнені сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . TIF). Кеңінен таралғандардың қатарына кіреді және көптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламалардың қолданысында. Монохромды ақ – қара түстен 32 разрядты CMYK түс бөліну моделіне дейінгі кең диапазонды қарастырады. 6.0 нұсқадан бастап TIFF форматында бейненің маскасы туралы мәлімет сақтауға болады. Формат көлемін кішірейту үшін LZW сығу алгоритмі қолданылады. 
PSD (Photoshop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының өзіндік форматы (файл кеңейтілуінің аты . PSD). Бірден – бір растрлық графиканың ақпаратын сақтауға арналған жақсы формат. Көптеген маскалар, қабаттар, канал параметрлерін есте сақтауға мүмкіндік береді. 48 – разрядты кодталған түстерді және әртүрлі түсті модельдерді қолдайды. Ең негізгі кемшілігі ақпаратты тиімді сығу алгоритімінің болмауы. 
PCX. Формат Z – Soft фирмасының PC PaintBrush бағдарламасындағы растрлық мәліметтерді сақтау үшін пайда болған және бірден – бір кең таралған болып табылады (файл кеңейтілуінің аты . PCX). Көптүсті бейнелерді сақтау мүмкіндігінің болмауы, түс модельдерінің жетіспеуі және басқа да кемшіліктері форматтың кеңінен таралуына кедергі болды. Қазіргі уақытта ескірген болып табылады. 
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Формат растрлық бейнеледі сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . JPG). Файлдарды сығу дәрежелерінің арасындағы байланысын және бейненің сапасын реттеуге мүмкіндік береді. Қолданылатын сығу әдісі қажетсіз ақпараттарды жоюға негізделген, сондықтан форматты электронды жариялауларды қолдану үшін ұсынылған.
GIF (Graphics Interchange Format). 1987 жылы бекітілген (256) түсті сығылған бейнені сақтау құрылғысы ретінде стандартталған (файл кеңейтілуінің аты . GIF ). өзінің сығу дәрежесінің жоғарылығының нәтижесінде Интернеттен жақсы орын алады. Соңғы GIF 89а форматты версиясы мөлдір фонды сурет құруға мүмкіндік береді. Түстің шектелуінің нәтижесінде бұл формат электронды жариялауларда қолданыла алмайды. 
PNG (Portable Network Graphics). Салыстырмалы түрде жаңа (1995 ж.) формат. Бейнелерді сақтауға, Интернетке жариялауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . PNG). Үш типті бейнені қолдайды. Ақпаратты сығу жоғалтусыз өтеді. 254 альфа – канал дәрежесі қарастырылған. 
WMP (Windows MetaFile). Windows опреациялық жүйесіндегі векторлы бейнені сақтауға арналған формат (файл кеңейтілуінің аты . WMP). Анықтауларға қарағанда осы жүйенің барлық қосымшаларын қлдайды. Бірақ стандартты түстер палитрасымен жұмыс істеу құрылғысының жоқтығы және басқа да кемшіліктері файлдың қолданысын шектейді. 
EPS (Encapsulated PostSeript). Формат Adobe фирмасының PostSeript тіліндегі векторлық сияқты расторлық бейнелермен де жұмыс жасауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . EPS). PostSeript тілі әмбебап болғандықтан, файлда векторлвқ және расторлық графика, әріптер, маскалар, түстік палитралар бір уақытта сақталады. Экран бетіне векторлық графикадағы мәліметтерді шығару үшін WMP форматы, ал расторлықта TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме тек жалпы жағдайда шынайы бейнені бейнелейді. Бұл EPS – тың кемшілігі болып табылады. Шындығында бейнені арнайы бағдарламалар көмегімен шығару құрылғысы арқылы ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format) Adobe фирмасымен жасалған құжаттарды өңдеу форматы (файл кеңейтілуінің аты . PDF). Бұл формат құжатты толығымен сақтауға арналған. Формат ақпараттық - тәуелсіз болып табылады, сондықтан экран мониторынан фотоэкспонирлік құрылғыға дейін бейнені кез келген құрылғыда шығара алады.

2.3 Фрактальдік графика

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек берілген теңдеулер бойынша тұрғызылады. Осы тәсілмен қарапайым құрылымдардан бастап табиғи ландшафттар мен үшөлшемді объектілерді имитация жасайтын күрделі кескіндерге дейін тұрғызылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет