Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет42/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

Қайталау сабағының құрылымы:

ұйымдастырушылық кезең;

білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарды қою;

негізгі ұғымдарды, негіздеме білімді, ептіліктер мен дағдыларды қайталауға бағытталған үй тапсырмаларын тексеру (практикалық және ойланатын) 1;

қайталау нәтижесін қорытындылау, сабақта оқу іс-әрекетін тексеру;

үйге тапсырма;

сабақтың қорытындысы.
Білімдерді тексеру сабағының құрылымы:

сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл кезде қалыпты, іскерлік ортаны қалыптастыру керек. Мына жаңа материалды оқуға оқушылардың дайындығын мұғалім тексеретіндіктен, оқушылар осы сабақ барысында болатын бақылау және тексеру жұмыстарынан қорықпауын және тым қобалжымауын ұйымдастырып, қадағалау керек;

сабақтың мақсаттарын хабарлау. Мұғалім оқушыларға қандай материалды тексеретіндігін және бақылайтынын хабарлайды. Сондай-ақ жұмыс барысында сәйкес анықтамаларды естеріне түсірулерін және оларды қажетінше қолдануын мұғалім айтады. Жұмыстарын сабақтың аяғында мұқият өздері тексеру керектігін естеріне түсіреді;

бақылау және тексеру жұмысының мазмұнының жоспары (есептер, мысалдар, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауаптар және т.б.). Тапсырмалар көлемі және қиындық деңгейлері бойынша бағдарламаға және әр оқушының деңгейіне сәйкес болуы керек;

сабақтың нәтижесін қорытындылау. Жақсы орындалған жұмыстарды мұғалім тандап алып, басқа оқушылардың жұмыстарында жіберілген қателіктерді талдайды және қателермен жұмысты ұйымдастырады (кейде осыған мына сабақ керек болады);

оқушылардың білімі мен біліктіліктеріндегі жіберілген қателіктерді анықтау және оларды жою және жоққа шығару. Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы:

ұйымдастырушылық кезең;

берілген материалдың, тақырыптың мәнін көрсететін мұғалімнің кіріспе сөзі және де сабақтың мақсаты мен жоспарын оқушыларға жеткізу;

құбылыс пен фактілерді жалпылау негізінде жалпы білімдерді қалыптастыру және жүйелі түрдегі түрлі ауызша немесе жазбаша ұжымдық және жеке жаттығуларды орындау;

жұмыстың орындалуын тексеру және керек болған жағдайда

түзету;

өтілген материал бойынша қорытындыларды қалыптастыру;

сабақтың нәтижесін бағалау; 7) нәтижені қорытындылау;

8) үйге тапсырма (күнделікті емес).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет