СҮМ-нің дамытушылық аспектісі – бұл мұғалім үшін ең қиын аспект. Бұл немен түсіндіріледі? Бұл қиындықтардың туындауының екі себебі бар. Біріншісі – көп жағдайда мұғалім оқутәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға тырысады. Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды: мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың сабақтарына да жарайды.
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады:
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту (бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші.
Ойлау қабілетін дамыту – сұрыптауға, басты ойды ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену – ойлай білу дегенді білдіреді.
Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту, кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің, пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын
(нәзіктігін) айыра білу.
Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |