3.1.2. Бақылаудың функциялары және түрлері
Бақылау және оқушылардың білім бағасы дидактикалық сұраныс бойынша бірнеше функцияға бөлінеді:
Коррекциялы бақылау функциясы – кері байланысты ұйымдастырады «оқытушы-оқушының».
Бақылаудың оқыту функциясы – тексеру процесінде оқушылардың білім деңгейі, материалды жаңғырту кезеңінде байқалады.
Білім беру функциясы. Тексеру, бақылау, есепке алу оқытудың тығыз байланыстағы құрамдас бөліктері болып табылады, олардың мақсаты білім деңгейін анықтау, белгілеу ғана емес, білім алуға ықпал ету, қателіктерді түзету, бұдан әрі жылжуына жәрдемдесу.
Ынталандыру фунциясы білім беру фунциясының логикалық жалғасы мен қосымшасы сияқты, бақылау оқушы әрекетінің шырқын бұзбай, керісінше, жаңа мақсаттарға, оқу мен дамудың жоғары деңгейіне жетуде сенімділік ұялатуын қамтамасыз етуі тиіс.
Талдау-коррекциялау функциясы мұғалімнің педагогикалық рефлексиясымен, өзін-өзі талдау, жоспарлауды жетілдіру және оқытуды ұйымдастыруымен байланысты.
Тәрбиелеуші және дамытушы функция өзін-өзі баламалы бағалауды, жауапкершілікті, ұмтылысты, шығармашылық қатынасты, өзін-өзі ерікті бағыттауды, өз қабілеттерін дамытуға деген ұмтылысты, білім алу кезінде кеткен кемшіліктерді уақытылы анықтау және мінез-құлықтың басқа да әлеуметтік құнды қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастырумен байланысты.
Бақылаушы функция жетістік деңгейін белгілеуді, оның нормалар мен стандарттарға сәйкестігін, сондай-ақ даму және білімді игеруде жоғары деңгейге жетуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |