Біріктірілген жобалар мен рефераттарға қойылатын талаптар. Біріктірілген реферат екі немесе бірнеше пән саласындағы объектілерді (пән, үрдіс, көріністер) зерттеуге негізделген дайындама болып табылады. Компьютер және ақпараттық және қарым - қатынастық технологиялық құралдар ақпарат көздері, тану және іздену құралдары, ақпаратты ұсынатын құралдар ретінде пайдаланылады.
Біріктірілген жобаның негізін, ақпараттық және қарымқатынастық технологиялық құралдарымен орындалған мәселелік - ақпараттық өнім құрайды. Осындай жобалар мен рефераттардың белгілі бір ерекшелігі, информатика мен ақпараттық технологиялар сол пәндік саланың бірі болып табылады.
Интегралдық рефераттар келесі мәселелік салаларға сыныпталады:
әлеуметтік;
табиғаттану; - гуманитарлық.
Біріктірілген жобаларды ақпараттық өнімнің қызметтік міндеттері бойынша бөлуге болады:
пән бойынша оқытылатындар (тесттер, есеп шығарушылар, тренажерлар, репетиторлар және т.б.);
ақпараттық (көрсетулер, модельдеушілер, тұсаукесерлік
және т.б.);
конструкторлық (пәндік саланың объектілерін реттегіш).
Интегралдық жобалар мен рефераттар иформатика пәні бойынша жұмыстарға тиісті талаптар қойылады:
екі жетекші немесе әр пәндік саланың жетекшісі мен кеңесшісі (сарапшы) болуы керек;
тиісті пән салалары мамандарының рецензиясы болуы керек;
пән салалары мәселелерінің аспектерін (жайларын) сипаттаған кезде тұтастық (интеграция) қамтамасыз етілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |