Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын
терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.
Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу. Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас
жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы. Дефектология - аномалиялы балалардың дамуының психологиялық-
физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |