Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия - мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы.
Синонимі – афазия.
қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс- біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес- бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.