Көңіл-күйге ортақтасу - субъектінің эмоциялық күйінің басқа бір тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған оқиғаларға қатынасы бейнеленеді.
Көрнекі – бейнелі ойлау- ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Көрнекі-бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау болып табылады.