ІІ.6. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны
Жоспары
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.
Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.
Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.
Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1) жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) көлемі; 5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тəрбиеленушілердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі жəне жетіскен нəтижелер арасында тікелей тəуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жəрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тəуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін əр оқушының орындайтын жаттығуларының саны əрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу əрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты əдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мəрте қайталау керек.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |