Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


І.2. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты



бет4/65
Дата12.07.2022
өлшемі0,79 Mb.
#147440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

І.2. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты
Жоспар:
1. Жеке тұлға туралы түсіні.
2. Жеке тұлға қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.
3. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде.
4. Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде.

Адамның дамуы және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуы, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғат заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.


Тұқым қуалаушылық теориясын қолдаушы және уағыздаушылардың бірі – преформистер. Преформизм – ХҮІІІ ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Э.Торндайк баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналарының ерекше батареясы, ондағы «гена саймандары» өзгермейді, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын дәлелдейді.
Американ философы, педагогы Д.Дьюи өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді. Австрия дәрігері З.Фрейд адам мінез-құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағадайларға тәуелді екендігін ХҮІ және ХҮІІ ғғ. алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла.
Жеке адамды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф.Энгельс болды.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары идеялық, адамгершілік қөзқарас рухында тәрбиелеп, жан-жақты жетілдіреді, осының нәтижесінде балаларда Отанға сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі нерв жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі.
Баланың дамуына ықпал етеін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие жатады.
Тұқым қуалаушылық. Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестетуі.
Орта. Адамның дамуы – күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы.
Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Тәрбие. Жеке дамады дамытудағы бсты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады.
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет