ІІ.11. Дидактика: оқыту және білім беру теориясы. Оқыту процесінің мәні мен қызметі.
Жоспар:
1. Оқытудың мәні, мақсаты, міндеті, заңдылықтары, принциптері.
2. Оқытудың әдіснамалық негіздері.
3. Оқытудың психологиялық негіздері.
4. Дидактика – оқыту мен білім беру теориясы.
Ғылым педагогиканың неізгі бөлігін дидактика құрайды. Дидактика ұғымы (үлкен тілінен аударғанда. DIDAKTIKAS-зерттеу бойынша, DIDASKО-зерттеуші) –деп түсініп берілсе, ал Ж.Б. Қоянбаевтың педагогика оқулығында: «Дидактика» бұл ежелгі грек сөзі, яғни «. DIDAKTIKОS үйретуші didas кalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді» дейді.
Сондай-ақ, Ресей педагогы П.И. Пидкасистый «DIDAKTIKОS»- означает «поучающей», а «DIDASKО»- «изучающий» десе, А.Құдиярова да ол пікірді ұстанады: «Дидактика» (DIDAKTIKAS-оқытушы, DIDASKО-оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз –деп түсіндіренді.
Бұл терминді алғаш ғылымға енгізген неміс педагогы Вольфанг Ратке (Ратхия) (1571-1635), өзінің «Краткий отчет из дидактики, или исскуство обучение Ратихия »-деп аталатын еңбегінде қоданған. Ал, чех педагогы Я.А. Коменский өзінің 1657 жылы жарық көрген «ұлы дидактика» еңбегінде «нені оқыту», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, Дидактика дегеніміз-білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әлемдік деңгейде дидактиканың дамуына үлес қосқан И.Г. Песталоцци, И Гербарт, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин , Д.Дьюи, Г. Кершентейнер, В. Лай, П.Ф. Каптуров, С.Т. Шацский, П.П. Блонский, М.М. Пистрак т.б.
Оқыту үрдістеде оқушылардыі ақыл-ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту үрдісі жүйе ретінде қарастырылады, ол оқыту құрылымы және бөліктермен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны)
2. Мұғалім оның өмірге, ғылымға көзқарасы оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру)
3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті)
4. Оқыту әдістері
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.
6. Оқыту нәтижелері.
Сонымен бірге іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады.
Дағды-бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтерің бар. Олар оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту деп аталады.
Оқытудың білім беру қызметі-бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өзө бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі. Ғылыми теориялармен ережелердің оқушылардың дүниетанымымен сеніміне айналуын сипаттайды, моралдық нормаларды игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.
Оқытудың дамыту функциясы.
Мұнда оқушылардың таным іс-әрекетін, ой-өрісін және өз бетімен жаңа білімд іздеп табуға және оны игеруге үйрету.
Оқыту барысында бірнеше психологиялық іс-әрекетер жүзеге асады. Оқыту құрылымына танымдық іс-әрекеттердің кезеңдері кіреді:
Таным міндеттерін жете түсіну.
Жаңа материалды қабылдау
Ұғыну
Білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, барлау
Жоғары да айтылған кезеңдерге түсінік берер болсақ:
Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе адам санасында белгілену процесі;
Ұғыну – саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу фактлерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Түрлі психологиялық – педагогикалық зерттеу деректеріне сүйенетін (А.К. Марков, Г.И. Щукина, В.И. Ильина т.б. ) мативтерді екі топқа ажыратуға болады:
Танымдық мативтері:
а) Оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;
ә) Өз бетімен білім алу, іс-әрекетте қолдана білу мотивтері;
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) Кең мағынадағы әлеуметік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезіну)
ә) Тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер (от басында, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының алдындағы бедел т.б.)
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтер, жоғары сыныпоқушылары үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |