Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІІ.3. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау



бет27/105
Дата09.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#131259
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
ПЕД каз (1)

ІІІ.3. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау
Жоспар:
1. Басқару негізі ретіндегі педагогикалық процесс диагностикасының мәні.
2. Педагогикалық ақпараттар.
3. Педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштері.

Нақты білім мекемесіндегі мектепішілік басқару жүйесінің жаңалану процесі көбіне ондағы жəне сыбайлас оқу орындарындағы инновациялық процестің жеделдігіне, мақсатты бағытына, мазмұнына тəуелді.


Мектепішілік басқарудың дамуында аса үлкен маңызға ие болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды:
- əлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіктерінің объектив күрделенуі;
- мектептегі басқару іс-əрекеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі;
- мектепті тиімді басқарудың жаңа жағдайлы мүмкіндіктерінің пайда болуы;
- мектепішілік басқару жүйесінің дамуы;
Жоғарыда аталған бағыт-бағдарлар мектепішілік басқару жүйесіндегі инновациялық процестердің өтуіне мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты іс-əрекеттер түрі төмендегідей:
- тұлғалық бағыттағы оқуға бет бұру;
- оқу-білім мекемелерінің жобаларын жасауда ұлттық жəне діни-рухани құндылықтарды да негізге алу;
- оқушы тұлғасының кемелденуі процесінде білім мен мектептің ролі орнына мəн беру;
- демократиялық жəне гуманистік басқару бағытын ұстану;
- кейбір аса маңызды құндылықтардың мектеп өміріне ену себепшісі ретінде мектепішілік басқару жүйесінің сыр-сипатын тереңдей түсіну;
- нақты əлеуметтік тапсырысты ескеру;
- мектептің даму бағдарламалары мен тұжырымдарын дайындау жəне т.б.
Білім мекемелерінің құқықтық мəртебесіндегі, басқару нысандары жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің жаңа түрлерін пайда етті:
- мектептің жан-жақты іс-шаралар жүргізуге байланысты құқықтық аясы мен оған қатысты басқару нысандары шеңберінің кеңеюі;
- бұл процестің басқарушылық санада орын тебуі;
- басқарылушы нысан мəн-бейнесінің молаюы;
- жаңа біртұтас басқару нысандарының (мектептердің жаңа типтері, түрлері,жобалары) немесе олардағы жаңа элементтер, қырлар, байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау қажеттігі;
- əлеуметтік тапсырыс жəне жаңа табысты қор келтіру көзі – мектеппен байланысты сырттай ортаның көзге түсер сапалық өзгерістерге келуі;
- стратегиялық жəне ұзақ мерзімді жоспарлауға өту;
- нысанда жаңа процестер мен іс-əрекет түрлерінің (зерттеу жəне қолданым түріне келтіру, эксперимент, сын баға беру) пайда болуы,
- басқарудың жаңа түрлерін игеру.
Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару жəне оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы жəне т.б.) пайда болуы – бүгінгі оқу-тəрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нəтижесін тек оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет