Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ тарау Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы



бет6/105
Дата09.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#131259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ПЕД каз (1)

ІІ тарау
Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы


ІІ.1. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
Жоспар:
1. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.
2. Педагогикалық процесс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.
3. Қарама-қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.

Мұғалімнің қоғамнана алатаын орны зор. Олай болатын себебі, мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып, талаптандыратын мұғалім.


Қазақтың қазіргі сынып сабақ жүйесіне негізделген ғылыми педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде «...Салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатын сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізде, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да, мен қазір жақсы оқушыны дүниедегі заттың бәріненде қымбат көремін...», - деген пікір бүгінгі өтпелі дәуірде өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние тынымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімнің кәсіби иаиандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
- жан-жақты білімдарлық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;
- педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП, физиология, анатомия, мектеп гигиенасы, мектеп тану нәнін жақсы білуі керек;
- оқытылатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, оладың жетістіктерін, ағымын жақсы білу;
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім (оптимизм);
- педагогикалық техниканы меңгеру (қисынды, мәнерлі сөйлей білу);
- педагогтік әдептілікті (такт) меңгеру;
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп педагогтың ізденімпаздығын, талмай оқитындығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы ең алдымен оның өз жұмысында білімін ұлғайтып, тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып табылады. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысады, бұл арада ол оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын дәл қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет