Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет162/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Үйренішбекқызы А.
Сапалы білім санмен өлшенбейді: [елордада білім 
саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты болып өтті]
/А. Үйренішбекқызы //Егемен Қазақстан. - 2011. - 24 тамыз. 
Шимашева Р.
Білім беру сапасы - Қазақстан Республикасының 
тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету 
кепілі: [Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев 
Алматы қаласы білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесіне қатысты]
/Р. Шимашева //Қазақстан мұғалімі. - 2009. - 4 қыркүйек. 
 
 
Тамыз айының үшінші жексенбісі – 
Спорт күні 
Қазақстанда Спорт және туризм күні Қазақстан Республикасының 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1998 жылдан бастап 
тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Елордада Астана қаласы 
әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде кең ауқымда аталып өтетін бұл 
күндері көптеген спорттық шаралар өткізіледі. 
Іс-шаралардың 
желісі 
– 
Қазақстанның 
спорт 
саласындағы 
жетістіктерін, салауатты өмір салты құндылықтарын, бұқаралық спорт және 
дене шынықтыруды дамытуды, Тәуелсіздік жылдарындағы спорттық 
инфрақұрылымды дамытуды насихаттау. 
«Қазақстанда спорт мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып 
табылады. Біз республиканың әрбір тұрғыны әлеуметті тұрмысы мен жасына 
қарамастан, спортпен айналысуға мүмкіндігі болуына жағдай жасаймыз». 
Н.Назарбаев.
Салауатты өмір салтын сақтаудың бір жолы – спортпен шұғылдану. 
Мектептерде дене шынықтыру сабағымен қатар үнемі өткізіліп отыратын 
спорттық шаралардың маңызы зор. Осы мерекеге орай «Спортпен 
достасқаның - күшіңе күш қосқаның» атты оқушыларды екі топқа бөліп, 3 
бөлімді эстафеталық жарыс өткізуге болады.
Эстафеталық жарыс 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлім – таныстыру. 2- бөлім 
– жарыс түрлері. 3 – бөлім – «Қимылды ойын». 1- бөлімде әр топ өзін 
әділқазыларға таныстырады. 2-бөлімдегі ойындар 6 түрден тұрады (арқан 
тарту, доппен жүгіру, кім жылдам т.б.). «Қимылды ойын» бөлімінде 
«Секіргіштер» ойыны ойналады. Бұл ойынды екі топ қосылып ойнайды. 
Жарыс соңында топтарды мадақтап, құттықтайды. Таза ауада өткізілетін 
спорттық ойындар оқушылардың денсаулығын нығайтып, жазғы демалыс 
кезінде балаларды шынықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет