Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет146/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Бәшен 
Баймұратованың 
туғанына 
90 жыл

7.08.1926


Баймұратова Бәшен
1926 жылы тамыз айының 7 жұлдызында Шығыс 
Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Никитинка елдi мекенiнде қарапайым 
еңбекшiнiң отбасында дүниеге келген. 
16 жасында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында шығатын 
«Социалистiк майдан» газетiне 1942 жылы әрiп терушi болып жұмысқа 
кiрiстi. Өзiнiң еңбегi арқасында сол газеттiң жауапты хатшысы қызметiне 
дейiн көтерiлдi. 1945 жылы Алматы қаласындағы М.Мәметова атындағы 
қыздар педагогикалық училищесiне оқуға түсiп, оны 1949 жылы аяқтап, 
ұстаздық еңбек жолын Алматы облысы Райымбек ауданындағы Тұзкөл 
ауылында бастауыш сыныпты оқытудан бастады.
Бұдан былайғы барлық еңбек жолы мектеп жасына дейiнгi бүлдiршiндер 
мен бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм, үлгiлi тәрбие беру 
жұмыстарымен тiкелей байланысып жатты. 1951 жылы Қазақтың 
педагогикалық 
институтының 

қазiргi 
Абай 
атындағы 
Ұлттық
педагогикалық университет

қазақ филология факультетiне түсiп, 1955 жылы 
бiтiрiп, Алматы облысы Каскелең ауданындағы С.М.Киров атындағы орта 
мектепте оқу iсi жөнiндегi директордың орынбасары қызметiн атқарды. 1957 
жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу 
институтына аға ғылыми қызметкер болып орналасты. Тәрбиешiлер мен 
ұстаздарға арнап ғылыми-әдiстемелiк бағдарламаларды, оқу құралдарын 
жазды.
1967 жылы «Мектеп жасына дейiнгi сәбилердiң (3-4 жастағы) сөйлеу 
ерекшелiктерi» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай 
қорғап шықты. 1966-1976 жылдары мектеп жасына дейiнгi педагогика 
секторын меңгердi; 1976-1980 жылдары осы институтта бастауыш бiлiм беру 
және мектепке дейiнгi әдiстемелiк бөлiмiнде аға ғылыми қызметкер мiндетiн 
атқарды. 1980 жылдан бастап сол бөлiмнiң меңгерушiсi. 
70-тен аса мектеп жасына дейiнгi балалардың тәрбиесi мен бастауыш 
сынып оқушыларына арналған бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдарын, 
әдiстемелiк кiтаптары мен мақалаларын жазды. 
Оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегi ескерiлiп, Ұлы Отан 
соғысының жеңiсiне 50 жыл толуы қарсаңында медаль берiлдi. Ғалым-ұстаз 
«Қазақстан Республикасы бiлiм беру iсiнiң озық қызметкерi» және «КСРО 
бiлiм беру iсiнiң озық қызметкерi» белгiлерiнiң иегерi. Оқу-ағарту 
саласындағы ғылыми еңбектерi ескерiлiп, оған «Қазақстанның еңбек сiңiрген 
мұғалiмi» деген құрметтi атақ берiлiп, Ы.Алтынсарин медалi тапсырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет