124
- жаңа мәдени норма - адамдар арасындағы айырмашылықтарына
сыйластықпен қарау қалыптасады;
- мемлекет мүмкіндігі шектеулі баланың жеке қажеттіліктерін ескере
отырып әлеуметтік ортаға жемісті бейімделуіне барлық қажетті жағдаятпен
және қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге міндеті;
-
мектеп барлық баланың дене, интеллектуалды, әлеуметтік,
эмоционалды, тіл және тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан қабылдап,
оның сәтті білім алудың жолдарын іздестіруге міндеті;
- мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты деңгейдегі балаларға тән
ережелермен емес, керісінше, баланың мүмкіндігі мен жағдаяттарына қарай
әлеуметтік ортаға біріктірілуі қажет.
Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім
беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта
оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр
сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр
оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру
Акцияның мақсаты — балаға қатысты проблемаларға қоғамның
тұрақты назарын аудару, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге
қарасты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен қалыптастыру бойынша
мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік құрылымдардың, халықаралық
ұйымдардың, бизнес ортасын, ақпарат беруші құралдарын және тағы басқа
әлеуметтік топтардың күштерін біріктіру.
Достарыңызбен бөлісу: