135
1 қыркүйек – Білім күні
Білім күні – Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 – ші жылғы
қаңтардың 20 – сындағы Жарлығына сәйкес аталып өтіледі. Бұл күн -
алғашқы қоңыраулар мен толқыныстар күні, мектеп табалдырығын алғаш рет
аттайтын бүлдіршіндердің асыға күткен күні. 1 қыркүйек - ең алдымен
оқушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен оқытушылардың жаңа оқу
жылы басталған мереке күні. 1 қыркүйек үлкенге де, кішіге де ортақ,
дәстүрлі мерекеге айналды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен
бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі
басталады. Оқу орындарының табалдырығын алғаш аттағалы тұрған
бүлдіршіндердің ерекше күні. Бұл күні біздің кішкентай азаматтарымыз
алғашқы рет әлемді тануға керемет жол ашатын мектеп табалдырығын
аттайды. Болашақ мектеп түлектері үшін бұл өздерінің өмір жолын таңдауда
ерекше маңызы бар шешуші жыл. Ал барша студенттер үшін бұл – кейіннен
өмір бойы қызмет ететін, өз таңдауларының дұрыстығын саралайтын жыл.
Білім күні тек оқушылардың және білім алушылардың ғана мейрамы емес,
сонымен қатар жас ұрпақты білім шыңына, жалпы әлемдік өркениет
жетістіктеріне жетелейтін, мұғалімдер мен оқытушылардың да мейрамы!
Білім күні – өз балаларынан өмірлерінің жалғасын, арман-мақсаттарының
орындалып, олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың
да мейрамы. Білім күні – гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның
болашағының мейрамы! Жаңа оқу жылы жылда Конституция сабағымен
басталады. Ата Заңымыз азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз
етіп, бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді, Қазақстанның гүлденуін нығайтып
қана қоймай, сонымен қатар қажетті және сапалы білім алуға зор мүмкіндік
беріп отыр. Білімді дамытуға, жастардың азаматтық және кәсіби
қалыптасуына, дене және ойын шынықтыруға мемлекеттің көрсетіп отырған
қамқорлығының куәгерлеріміз.
Мектептерде бұл күні жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиындар
дәстүрлі түрде өтеді. Мерекеге орай «Сабақ басталар сәт», «Білім күні» атты
тақырыптармен салтанатты жиындар өтізуге болады. Мерекені мектеп
мақтаныштары - үздік оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туын әкелу рәсімімен бастайды және Мемлекеттің әнұраны айтылады.
Сонымен қатар мектеп басшыларына, мереке қонақтарына, ата-аналарға сөз
беріледі және білім күніне арналған әндер айтылып, өлеңдер оқылып, билер
биленеді. Мерекелік жиын «Алғашқы қоңыраудың» соғылуымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: