Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет228/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Кандраккулова Б.
«Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ»:[Қазақстан 
Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған тәрбие сағаты] / Б. Кандраккулова 
// Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. - 2012. - № 9. - 40-41 б. 


183 
Көбегенова А.Қ.
Темекі және оның денсаулыққа тигізер әсері
/ А. Қ. Көбегенова //Валеология: Салауатты өмір салты=Здоровый образ 
жизни. - 2014. - № 1. - 26-27 б. 
 
Мылтықбаев Е.
Темекі шегудің тигізер зияны / Е. Мылтықбаев 
// Бала тәрбиесі. - 2012. - № 10. - 42-44 б. 
Өтеева Д.
Темекі шегу сән бе, әлде ...?: [тәрбие сағаты] /Д.Өтеева 
//Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2012. - №2. - 11-12 б. 
Сауғабекова Т.
Мен 
темекі тартуға қарсымын: [сот сабағы]
/ Т. Сауғабекова // Валеология. - 2012. - №2. - 38-40 б. 
Сәрсенғали И
.
Өзгенің қатесі өзіңе сабақ (23-қараша - Дүниежүзілік 
темекіден бас тарту күні) / И. Сәрсенғали //Валеология. Денсаулық және 
өмірлік дағдылар. - 2013. - № 2. - 21-б. 
Тілеубай Б.
Темекі тартпаған, денсаулықты сақтаған / Б. Тілеубай
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2013. - № 11. - 2-3 б. 
Утарбаева Г.
Темекі мен нашақорлық - денсаулық дұшпаны
/ Г. Утарбаева // Валеология. Салауатты өмір салты=Здоровый образ жизни. - 
2014. - №3. - 13-15 б. 
 Шалғынбаева Р
.
Темекі шегудің зияны: әдет пе, әлде ауру ма?
/ Р. Шалғынбаева // Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. - 2013. - 
№ 4. - 17-18 б. 
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті күні 
Қазақстан халқы 2012 жылы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға 
– алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 2012 жылы ел Парламенті 
1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты 
осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның 
іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген 
Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. 
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет 
жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы –
Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа 
мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын 
тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі 
қалыптасып, тарихымыз түгенделіп,тіліміз, дініміз және діліміз қайта 
оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай 
және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-
ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп 
өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан 
Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан 
күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. 


184 
Осы заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, 
демократиялық жәнеқұқықтық мемлекет. Ол барлық мемлекеттермен өзара 
қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң 
мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан 
Республикасы ашық», - делінген. Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі 
сөгілген жоқ. Ұлтаралық татулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс-
титуциялық заңның дер кезінде қабылдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, 
Түркменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. Заң 
Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты негіздерін 
қалыптастырды. 
Шындығы сол, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 
туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің 
шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан 
халқы, 
оның 
Көшбасшысы 
тәуелсіз 
мемлекеттің 
басым 
бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы 
әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында 
таныды, мойындады. Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген 
еді. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап 
айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық 
идеологияның рухани тірегіне айналды. Ол мемлекеттіліктің өркениет жолын 
ұсынды. Президенттік саяси институт енгізді. Осылай қазақтың Тұңғыш 
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата заңға сүйеніп, халық 
алдында Ант берді. Тәуелсіз Қазақстанның көк Байрағын тізерлеп отырып 
сүйгені тарихи сәт еді. Бұл бірінші рет өткізілген инаугурация болатын. 21 
жылға жуық уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз 
орнын ойып алды. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген 
ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы 
АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол 
қойды. Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Ресей, Қытай, Өзбек елі Пар-
ламентінде тиісті ратификациядан өтті, заңды құжатқа айналды. 
Осындай айтулы күн аясында барлық Қазақстанның облыстарында 
мерекелік шаралар ұйымдастыралатын болады. Найзаның ұшы, білектің 
күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 21 жылға жуық басқарған 
Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп 
өзгертті. Елімізде тойланатын бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені 
айдан анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет