Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет31/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
konspekt progulki yanvar 2019g, konspekt progulki yanvar 2019g, Сценарий новогоднего праздника для детей Золотая ёлочка , Тақырыбы Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы-melimde.com
Есмұханұлы Әлжановтың
туғанына 
110 жыл

19.02.1901-
1937


Әлжанов Шарафи Есмұханұлы
1901 жылы 19 ақпанда бұрынғы 
Көкшетау облысының Еңбекшiлдер ауданында дүниеге келген.
1918 ж. Шортандыдағы бастауыш училищені бітірген. 1920 жылы 
Қызыл Армия қатарында, 1922 жылы Ақмола уезi атқару комитетiнiң 
төрағасының орынбасары, 1924 ж. уездiк милиция бастығы, 1925 жылы 
Орынборда әскери мектептiң оқытушысы болды. 1925 жылы Мәскеудегi 
әскери-педагогикалық курста оқиды, 1932 жылы сондағы Ұлттар ағарту 
институтының педагогика мамандығы бойынша аспирантурасын бiтiрдi. Ол 
1932-1938 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты 
педагогика кафедрасының меңгерушiсi және педагогика факультетiнiң 
деканы қызметiн атқарды. 1934 жылы оған профессор атағы берiледi. Осы 
қызметiне қоса ол Қазақ АҚСР Оқу халық комиссариатына қарасты мектеп 
ғылыми-зерттеу институтының директорлығына тағайындалды. 
Педагог Ш.Әлжанов өзiнiң қысқа өмiрiнде жоғары бiлiмдi мамандарды 
әсiресе ұлт кадрларын дайындауға зор мән бердi. 


28 
Сонымен 
қатар 
көптеген 
педагогикалық-психологиялық 
ғылыми 
еңбектердiң авторы. Мәселен «Ауыл мектептерiн политехникаландыру 
жолдары», «Ұлт мектептерi қазiргi кезеңде», «Абайдың педагогика туралы 
көзқарасы», «Ес және есте қалдыру мәселелерi», «Ой мәселелерi» т.б. 
еңбектер жазды. Өз еңбектерінде бастауыш, орта және жоғары мектептердің 
Қазақстан дамуына сәйкес мақсат-міндетін, ұйымдастыру мен басқару 
мәселелерін ғылыми негізде қарастырды. 
Ш.Әлжанов «халық жауы» деген жаламен ұсталып, КСРО Жоғары соты 
әскери коллегиясы жылжымалы сессиясының 10.11.1938 ж. Үкімімен 
атылды. КСРО Жоғары соты әскери алқасының 30.07.1959 ж. Шешімімен 
ақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет