Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

 


Кіріспе 
 
Қазіргі 
қарқынды 
ғылыми-инновациялық 
және 
әлеуметтік-
экономикалық даму жағдайындағы қоғамымызға тек бейімделіп қана қоймай, 
бұл үрдістерді дамытуға ӛз үлесін қоса алатын құзыретті, бәсекеге қабілетті 
мамандарды  даярлау  жоғары  мектептің  маңызды  міндетіне  айналып  отыр. 
Мемлекеттік  тапсырысқа  сай  мамандарды  даярлау  үшін  кез-келген  жоғары 
оқу  орнының  ең  бірінші  мықты  оқытушылық  корпусы  болуы  қажет. 
Сәйкесінше,  жоғары  мектеп  оқытушысына  қойылатын  кәсіби  талаптар 
жоғарылауда.  
Бұл  тұрғыда  бүгінгі  ғылыми-инновациялық  үрдістерде  еркін 
бағдарлана алатын, жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті, болашақ 
мамандардың және ӛзінің кәсіби-тұлғалық  дамуын басқара алатын, ғылыми 
жұмыс,  кәсіби  даярлау  және  тәрбие  жұмысын  үйлестіре  алатын 
магистранттарды даярлау ӛзекті мәселеге айналып отыр.  
«Жоғары  мектеп  педагогикасы»  атты  оқу  құралының  мақсаты  – 
магистранттардың  кәсіби-педагогикалық  құзыреттерді  қалыптастыру.  Бұл 
мақсатқа  жету  үшін  оқу  құралында  жоғары  мектеп  педагогикасының  пәні, 
мақсат-міндеттері, негізгі категориялары ұсынылған.  
Магистранттар  еліміздегі  жоғары  білім  берудің  саясаты  мен 
әдіснамасын түсіну үшін, еліміздегі жоғары мектеп пен жоғары білім берудің 
қалыптасу  тарихы,  отандық  және  әлемдік  жоғары  білім  беру  жүйелеріндегі 
реформалар,  әсіресе,  әлемдік  жоғары  білім  берудің  интеграциясына  негіз 
болған Болон процесіне айрықша кӛңіл бӛлінген. 
Оқу құралында магистранттардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін 
қалыптастыруда 
негіз 
болатын 
жоғары 
мектеп 
оқытушысының 
педагогикалық  іс-әрекетінің  мәні  мен  мақсаттары,  құрылымы  мен 
қызметтері,  педагогикалық  шеберлігі  мен  кәсіби  құзыреттілігі  ерекше  орын 
алды. 
Магистранттардың 
кәсіби-педагогикалық 
құзыреттілігін 
қалыптастыруда,  жоғары  мектептегі  тұтас  педагогикалық  үрдістің 
әдіснамалық  негіздері,  нақты  айтқанда  қазіргі  білім  беру  парадигмалары 
туралы  білімдерін  меңгерудің  маңызы  зор.  Бүгінгі  білім  беру  жүйесінің 
әдіснамалық  негізі  болып  табылатын  құзыреттілік  кӛзқарас  мәні  мен  оны 
жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылған.   
 «Жоғары  мектеп  педагогикасы»  атты  оқу  құралы  магистранттарға, 
жоғары мектеп оқытушыларына арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет