Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет124/157
Дата06.02.2022
өлшемі5,47 Mb.
#39692
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157
Терминоэлементтер тізімі
Грек ТЭ Терминэлементтер мағынасы
cheil(o)- ерін (хейлит)
chrom(at)- түс (ахроматопсия)
dactyl(o)- саусақ (мегалодактилия)
derm(at)(o)- тері (эритродермия)
dipl(o)- Сыңарланған, екіленген (диплопия)
erythr(o)- Қызыл, эритроциттерге қатысты (эритропсия)
galact(o)- Сүт, сүтті (галакторея)
kak(o)- жаман, жағымсыз (какосмия)
phac(o)-
(-phakia)
Көз бұршағы (факосклероз, афакия)
xanth(o)- сары (ксантопсия)
-necrōsis Торша мен ұлпаның өліеттенуі (остеонекроз)
-opia, -opsia, -optĭca Көру, көз (анопия, эритропсия)
-osmia Иіс, иіс сезу (какосмия)
-phagia Жұту, жеу (пищи) (дисфагия)
-phasia Сөйлеу, сөйлеу мəнері (дисфазия)
-phonia Дауыс, дыбыс (дисфония)
-sclerōsis тығыздану (факосклероз)
-spasmus спазм, еріксіз жиырылу (блефароспазм)
-stăsis Тұрып қалу (лимфостаз)
-stenōsis тарылу (бронхостеноз)

Префикстер


ГрекТЭ Терминоэлементтер мағынасы
pro- Алдыңғы, алдындағы (прохейлия)

Жаттығулар:


1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:
anopsia, hyperosmia, macrocheilia, agalactia, cheilōsis, osteonecrōsis, xerodermia, gastrobiopsia, proctospasmus, hypermetropia, micropsia, dermato sclerōsis, paraphasia, bradyphasia, diplomyelia, lymphostăsis, bradyphagia, hemiopia, adermia, phlebostenōsis, acrodermatītis, dysosmia, diplophonia, macrophonia, onychophagia, kakosmia, dyschromatopsia, xanthochromia, galactostăsis, xanthoerythrodermia, cardiostenōsis, duodenostăsis, hemispasmus

2. Соңғы терминоэлементтермен терминдер құрап, мағынасын


үсіндіріңдер:
1. –opia/-opsia (dipl-, my-, poly-, a-, hemi-, hypermetr-)
2. –phagia (dys-, a-, tachy-, brady-, onycho-, cheilo-, poly-, trich-)
3. –necrōsis (osteo-, micro-, nephro-, pancreo-, chondro-)
4. –stenōsis (broncho-, laryngo-, pyloro-, cardio-, tracheo-, phlebo-)
5. –sclerōsis (acro-, dermato-, cardio-, myo-, nephro-, phaco-, phlebo-)

3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндеріңдер:


гипосмия, сиалостаз, дисфония, тахифагия, ангиоспазм, микрофония, ахейлия, полиопия, афазия, энтеробиопсия, паросмия, энтероспазм, ахроматопсия, хондронекроз, прогерия, галакторея, нефросклероз, онихохейлофагия, ксантопсия, холестаз, дерматоз, миопия, кардиосклероз, проктостаз, макропсия, афагия, прохейлия, олигофазия, ринофония, микронекроз, гастроспазм.

4. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:


1) иіс сезудің болмауы;
2) ерін қабынуы;
3) дауыстың болмауы;
4) терінің қызаруы;
5) бүйрек ұлпасының өліеттенуі;
6) жұтудың қиындауы (қызметі бұзылуы);
7) бұлшық еттегі дəнекер ұлпаның нығыздалуы;
8) екі елі ішектің кілегейлі қабығының биопсиясы;
9) бет бұлшық еттерінің спазмы;
10) зəр жолдарында зəрдің тоқтап қалуы;
11) терінің іріңді аурулары;
12) сүт безінің секреторлы функциясының төмендеуі;
13) қорқу – қандай да бір түстен не боялған заттардан қорқу;
14) көз бұршағының болмауы;
15) қорқу - қызыл түстен қорқу;
16) кеңірдек тесігінің тарылуы.
–ōma –ға аяқталатын ісіктерді ұқсас терминдерден ажырата білу керек: –stōma терминоэлементтері бар терминдер (мысалы: colostōma – бүйен ішектің қолдан жасалған қаяуы), термин haematōma (көгеру), glaucōma (көз ауруы), sclerōma (тыныс жолдарыныңың қабынуы), scotōma (көру аймағының ақауы), trachōma (көздің індетті созылмалы ауруы).
–oma-ға аяқталатын ісіктердің атаулары үшінші жіктеудің ортаңғы тектік түріне жататындығына көңіл аударыңыздар: (мысалы: adenoma, atis n).
Ісік атауларына соңғы ōsis терминоэлеметі жалғанса, ол көп ісікті білдіреді: adenōma + ōsis = adenomatōsis – аденомалардың көп болуы.
–iăsis терминоэлементі созылмалы, қиын емделетін ауруды білдіреді
(psoriăsis). Термин –lĭth терминоэлементімен (lithiăsis) тас пайда болуын білдіреді (urolithiăsis – тынжытас ауруы). Соңғы –lĭth терминоэлементы бар термин ауруды емес, тасты (конкременты) білдіреді, мысалы: urolĭthus – тынжытас. Бұл терминдер қабыну ауруларының атауларымен шатастырмау керек: (мысалы: альвеолит – alveolītis, бірақ ринолит – rhinolĭthus)!
–tonia – терминоэлементі екі мағыналы:
«тонус»-қа байланысты, ағза мүшелерін, жеке жүйелерді жəне организмді ұзақ уақыт бойы белсенді деңгейін бір қалыпты ұстап тұру (dystonia – организм тонусының бұзылуы).
Екінші мағынасы қысымға байланысты (мысалы: hypertonia). Қазіргі кезде бұл терминді көп қолданғанмен, қолданыстан шығатын терминдер қатарына жатады жəне бұл терминді –tensio терминоэлементіне (hypertensio) айырбастаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет