Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері



бет34/157
Дата06.02.2022
өлшемі5,47 Mb.
#39692
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157
Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері
Грек суффикстері
Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық кластарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда қолданылған.
Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид - haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n.
Латын нұсқасында екпін -īd- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:
гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.
-īd- жұрнағына алынған -ide- сын есімдерде -ұқсас-, -тəрізді деген ұғымды білдіреді, мысалы: ovoideus, a, um жұмыртқа тəрізді; xiphoideus, a, um қылыш тəрізді.
Грек тілінен енген жұрнақтарға тағы да -ism- жəне -ōs- жұрнактарын жатқызса болады. -ism- жұрнағы –us-пен аяқталатын сөздерге қосылып, зат есім терминдерінде қолданылады. Бұл жұрнақ негізделген қандай да бір құбылыс, күй, қасиет туралы хабар береді: gigantismus, i m гигантизм, бой өсуінің күшеюі; metabolismus, i m метаболизм, ағзадағы зат алмасу.
Ал, -ōs- -is-ке жалғанып, ауруды, қалыпты жағдайдан ауытқуды білдіреді: helminthōsis, is f гельминтоз, адам, жануар, өсімдіктердің құрттармен ауыруы; erythrocўtōsis, is f эритроцитоз, қанда эритцоциттердің көбеюі. Бірақ, -ōs- жұрнағы көп жағдайда сөз байланыстыру мақсатында қолданылады: metamorphōsis, is f метаморфоз, форманың өзгеруі; synarthrōsis, is f синартроз, буындардың дəнекер ұлпа, шеміршек немесе сүйек арқылы жалғануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет