САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.
Жаттығулар:
1)жіктеуді анықтап, бұйрық рай формасын құрыңдар: studēre – зерттеу, laborāre – жұмыс істеу, punīre – жазалау, salvēre – деннің сау болуы, excusāre – кешіру, legĕre – оқу.
2) зат есімдердің қандай формада тұрғананын табыңдар: pastā, ampullam, ampullas, ampullis, massā, tincturae, pilulārum.
3) етістіктерді praesens indicativi activi жікте: dividĕre, sterilisāre, terĕre.
4) етістіктерді praesens indicativi passivi жікте: formāre, finīre, dividĕre.
5) етістіктерді praesens indicativi activi жікте: dividĕre, sterilisāre, terĕre.
6) етістіктерді praesens indicativi passivi жікте: formāre, finīre, dividĕre.
7) етістіктерді рraesens indicativi activi et – passiv- те жіктеңдер:
labōro,āre 1 –жұмыс істеу, aspīro,āre 1 – талпыну, consto,āre 1 – өзгермеу; simŭlo,āre 1 – құлану; disserto,āre 1 – пайымдау, зерттеу; absorbeo,ēre 2 – сіңіру; doceo,ēre 2 – оқыту; studeo,ēre 2 – оқу; ago,ĕre 3 – əрекет жасау, алып жүру; recipio,ĕre 3 – алу; repello,ĕre 3 – қашыру, қорқыту (шыбын- шіркейлерді); praesideo,ēre 2 – алдында отыру, басқару
8) етістіктерді қандай жақта, көптікте, етісте тұрғанын анықтап, қазақ тіліне аударыңдар: praeparantur, signant, iungitur, nutritur, filtrant, nominator, miscetur, dividitur, dantur, est, sunt, formant
9) етістіктердің жіктелуін анықтап, бұйрық рай жасаңдар: studēre – зерттеу, laborāre – жұмыс істеу, punīre – жазалау, salvēre – сау болу, excusāre – кешіру, legĕre – оқу.
10) қазақ тіліне аударыңдар:
1. Vale. Valēte. 2. Vive et vale. 3. Repĕte bis. 4. Audīte, legĭte et scribĭte. 5. Bene laborāte. 6. Noli repetĕre. 7. Primum praeparāte, deinde dāte. 8. Nolīte addĕre. 9. Coque et refrigĕra. 10. Audi attente. 11. Linīte caute. 12. Divĭde et impĕra. 13. Ora et labōra. 14. Vivĕre est cogitāre. 15. Nota bene!
11) етістіктердің жіктелуін анықтаңдар: (per)colo, āre – сүзу; signo, āre – белгілеу; refrigĕro, āre – суыту; praepăro, āre – дайындау; (con)servo, āre – сақтау; agĭto, āre – шайқау; formo, āre – жасау (пайда болу); sterilĭso, āre – залалсыздандыру; macĕro, āre – жібіту; do, ăre – беру, жіберу; adhĭbeo, ēre – қолдану; valeo, ēre – дені сау болу; misceo, ēre – араластыру; extrăho,ĕre – өндіріп шығару; repĕto,ĕre – қайталау; vivo,ĕre – өмір сүру; contĭneo, ēre – құрамында болады; solvo, ĕre – еріту; verto,ĕre – бұру; divĭdo,ĕre – бөлу coquo,ĕre – қайнату; concīdo, ĕre – кесу, майдалау; contundo, ĕre – талқандау; tero,ĕre – ысқылау; sumo,ĕre – қабылдау; infundo,ĕre – құю; addo,ĕre – қосу; audio,īre – тыңдау; finio, īre – бітіру; linio, īre – жағу.
Достарыңызбен бөлісу: |