Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. – 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №14 Дәріс
Модуль 3 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Дәрі-дәрмектердің сөз жасам құрылымы. Дәрілік күй (форма) туралы қысқаша түсінік.
Рецептің латын бөлігін рəсімдеу.
Рецепт түрлері.
Көп кездесетін кесінділер (3 бөлім).
1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік септігінде –i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз аударылады - ампициллин.
2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium жалғауына аяқталады. Олар –ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий – Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде –ii-ға аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін соңынан санағанда үшінші буынға түседі.
3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:
Levodopa, Methyldopa
Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n тектік түрінде аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: - Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).
4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і жалғауы арқылы жазылады: Magurol – Maguroli, Taktivine – Taktivini.
5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra...
6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:
Solutĭo Lidocaīni – лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин
7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі (бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae – шілтер (плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер дəрілік зат формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale “Anusolum”).
8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр, шөп жəне с.с.) Infūsum foliōrum Digitālis – оймақгүл жапырақтарының тұнбасы.
9. Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».
Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті.
Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.
Реттік саны Латын тілінде Мағынасы Мысалдар
1. -cillin- Пенициллин тобындағы антибиотиктер Penicillinum
2. -cyclincycl- Циклдық құрылымы бар Demeclocyclinum Cyclobarbitalum
3. -menth- Жүйке талшықтарына тітіркендіріп əсер ететін заттар (бұрыш жалбыз препа-раттары) Mentholum Boromentholum
4. -mycin- антибиотиктер Monomycinum Erythromycinum
5. - myc(o)-Саңырауқұлақтарға қарсы Mycosolonum Mycoseptinum
6. -pyr- анальгетиктер-антипиретиктер “Pyrameinum”Anapyrinum Дəрілік заттар атауларында қосымша ретінде сан есімдер көп қолданылады
1. mono- Бір (моно-) Monomycinum
2. di- Екі (ди-) Diaethylcarbamazinum
3. tri- үш (три-) Triamcinolonum
4. tetra- Төрт (тетра-) Tetracainum
5. pent(a)- Бес (пента-) Pentazocinum
6. hex- алты (гекс-) Нexoestrolum
7. hept(a)- жеті (гепта-) Heptavitum
8. oct- Сегіз (окт-) Octodiolum
9. Тоғыз қолданылмайды
10. deca- он (дека-) Decapeptylum
Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:
I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.
II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.
Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.
Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.
ал не? Қаншалықты? (Acc.) нені? (Gen.)
Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae
Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын
Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml
III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:
бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат
екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат
үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар
төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын quantum satis (q.s.) деп жазылады.
IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса
– Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.
V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.
VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.
Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |