Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Қалған дəрілердің бəрі рецепт бойынша жіберіледі



бет138/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Қалған дəрілердің бəрі рецепт бойынша жіберіледі.

Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:

I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.

II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.

Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.

Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.

ал не? Қаншалықты? (Acc.) нені? (Gen.)

Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae

Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын

Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml

III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:

бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат

екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат

үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар

төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын quantum satis (q.s.) деп жазылады.

IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса

– Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.

V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.

VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.

Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.



Рецептік мысал:

I inscription – кіріспе «Айболит» клиникасы

Азамат С. Айтқұловтың 2 жасар итіне

20 _05_ 10

XII

ветеринария дəрігері Асанов Ж.



II praepositio Rp.: Tincturae strophantini 100 (basis)

III designation Themisali 50. (adjuvans)

Sirupi simplicis 20.0 (corriqens)

Aqua distillatae 20.0 (constituens)

IV subscriptio M.f. mixture

Vsignatura таңертеңгісін жəне кешкісін бір ас қасықпен ішке қабылдау үшін

VI nomen medici дəрігердің қолы

Науқасқа дəріні шұғыл түрде босату қажет болған жағдайда дəрігер рецептің көрінетін тұсына Cito! - Тез! Немесе Statim! - Дереу! деп жазуы керек. Дəрі мұндай жағдайда кезексіз жіберіледі.

Егер дəріні бірнеше рет қайталау қажет болса, Repetātur – қайталансын; Bis (tres) repetātur - екі (үш) рет қайталансын деп жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет