Дауыстардың жіктелуі:
Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d, f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.
j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana [ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.
Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады. Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зигота] - зигота.
Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] - мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.
Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:
Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.
Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |