Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. – 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №5 Дәріс
Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: ІІІ септеулік зат есімдерінің ерекшеліктерімен родтық жалғаулары. Сөз құрылымына сәйкес мағынасының өзгеруі. зат есімдері мен құрамы аралас анатомиялық терминдер.
Жоспар:
1. Зат есімнің сөздік формасы.
2. Зат есімдердің тегін (родын) анықтау.
Латын тіліндегі зат есіммен, оның грамматикалық категориялармен, зат есімнің септелуін, жіктелуін, зат есімнің түбірін табу туралы мағлумат беру. Тапсырмаларды жасап жаттығу.
Зат есімнің сөздік формасы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім - атау септігінің жекеше түрі
Екінші бөлім - үтірден кейін жазылатын ілік септігінің аяқталуы
Үшінші бөлім - зат есімнің тектік түрінің қысқартылған түрі (m, f, n)
Мысалы: cornu, us n - мүйіз; Formīca, ae f - құмырсқа; nucleus, i m –ядро; canis, is m - ит
Зат есімнің түбірі ілік септігінің аяқталуын алып тастаумен анықталады:
Жіктелудің түрі сөз түбірінің қай дыбысқа аяқталуына байланысты:
Жіктелу Түбірдің соңғы дыбысы
1 -ā
2 -ŏ/-ĕ
3 дауыссыз/-ĭ
4 -ŭ
5 -ē
Септеу
gen. sg.
аяқталуы
Nom. sg. Gen. sg. зат есімнің
түбірі
I -ae arteria arteriae arteri-
II -i muscŭlus muscŭli muscŭl-
III -is corpus corpŏris corpŏr-
IV -us fructus fructus fruct-
V -ei facies faciēi faci58
Латын тілінің грамматикалық родтарын зат есімнің родтарымен анықтауға болмайды. Зат есімнің грамматикалық роды жекеше түрде атау септігінде тұрған зат есімнің аяқталуымен анықталады.
N.B.
1. nom.sing. – er-ге аяқталатын зат есімдер (m) жатады;
2. nom.sing. –us-ке аяқталатын зат есімдер (m) жатады;
3. nom.sing. – a-ға аяқталатын зат есімдер (f) жатады;
4. nom.sing. –u-ға аяқталатын зат есімдер (n) жатады;
5. nom.sing. – en-ге аяқталатын зат есімдер (n) жатады
6. nom.sing. –um жəне on-ға аяқталса, (n) жатады.
Ескерту: латын тілінде кейбір us-қа аяқталатын зат есімдер (f) жəне (n) кездеседі. Анатомиялық терминологияда (n) родында us-қа аяқталатын зат есімдер бар: corpus, oris, crus, cruris, pectus, oris, tempus, oris, n.
Анатомиялық терминде сын есім мен зат есімніңүйлесуі кездесетін болғандықтан, сын есімді оқу болашақ ветеринарлар үшін қажет. Бұл сабақта студенттер сын есімнің категориялармен танысады. Сын есім жəне оның грамматикалық категориялары
Сын есімнің (nomen adjectīvum) орыс тіліндегідей род (тектік түр), септеу, түр, жіктеу сияқты грамматикалық категориялары бар. Латын зат есімдері сияқты жіктеледі. Жіктеудің түріне жəне септеудің аяқталуына байланысты сын есім 1-2 жəне 3 жіктелінуі болып бөлінеді.
Сын есімнің 1-2 жіктелінуі жəне сөздік формасы
Жіктелуіне байланысты латын тілінде сын есімнің 1-2 жіктелінуі атау септігіндегі үш тектік түр жалғауымен аяқталады.
Род nom. sg. жалғауы мысал
masculīnum -us, -er albus - ақ
niger - қара
feminīnum -a alba - ақ
nigra - қара
neutrum -um album - ақ
nigrum - қара
Masculīnum родындағы сын есімдер 2 жіктеудегі зат есімдер сияқты -us, -er жалғауымен жіктеледі, feminīnum родындағы сын есімдер –a жалғауына аяқталатын 1 жіктелу сияқты, neutrum родына аяқталатын сын есімдер –um жалғауына аяқталатын 1 жіктеудің зат есімдері сияқты жіктеледі.
Жіктеу Nom. sg. Gen. sg.
2 Larus albus
ager niger
Lari albi
agri nigri
1 rosa alba
substantia nigra
rosae albae
substantiae nigrae
2 collum album
rostrum nigrum
colli albi
rostri nigri
Сын есімнің 1-2 жіктелуінің зат есімнен айырмашылығы – ол атау септігінде ғана болады. Бұл жағдайда атау септігінің тек қана m формасында жəне үтірден кейін f жəне n родының жалғауы жалғанады:
Зат есім сияқты, -er-ге аяқталатын сын есімдердің көбінде -е жалғауы түсіп қалады: m тектік түрінде Gen. sg., f жəне n тектік түрінде барлық септіктерде. Бұл жағдай сөздік формада беріледі: dexter, tra, trum – оң, sinister, tra, trum – сол.
Сөз түбірінде –е сақтап қалатын сын есімдер: Liber, libera, liberum – еркін;
asper, aspera, asperum – бүдірлі; lacer, lacera, lacerum – жыртық; somnifer, somnifera, somniferum - ұйқы шақыратын.
Сын есімдердің түбірін зат есімнің түбірі анықтағандай, gen. sg. жалғауын алып тастаумен анықталады.
Түсіп қалатын –е əрпі бар сын есімдер
Casus singularis Pluralis
m f n m f n
Nom Rub -er Rubra Rubrum Rubri Rubr-ae Rubea
Gen Rubr -i Rubrae Rubri Rubrorum
Rubrarum
Rubrorum
Достарыңызбен бөлісу: |