САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.
Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.
студенттерге латын тілінің шығу тарихы, құлпыруы жəне құлдырау кезеңдері, ветеринария саласындағы латын терминологиясының орны туралы мағлұмат беру.
Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар
Жазылуы Транскрипция Айтылуы
A, a а а N, n эн н
B, b бэ б O, o о о
C, c цэ ц/к P, p пэ п
D, d дэ д Q, q ку к
E, e э э R, r эр р
F, f эф ф S, s эс с
G, g ге г T, t тэ т
H, h га (ха) гх U, u у у
I, i и и V, v вэ в
J, j йот (йота) й X, x икс кс
K, k ка к Y, y ипсилон и
L, l эль л Z, z зэт з
M, m эм м
Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].
Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номенклатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен жазылады:
1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda [артро.пода] - буынаяқтылар;
2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір, Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;
3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum [сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетрациклин.
Дауыстардың жіктелуі:
Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d, f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |