j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana [ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.
Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.
Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зигота] - зигота.
Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] - мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.
Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:
Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.
Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |