Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері
Грек суффикстері
Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық класстарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда қолданылған.
Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид - haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n.
Латын нұсқасында екпін -īd- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:
гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.
Достарыңызбен бөлісу: |