Жеке іргетастардың конструкциялары
Жалпы іргетастардың конструкциялары құрылыс аланының инженерлік-геологиялық жағдайына , салынатын обьектінің жер үстінде орналасқан қаңқасының қатқылдығына , көтеретін жүктердің ерекшеліктеріне , материалдардың қасиеттеріне байланысты таңдап алынады.
Темірбетоннан жасалған құйма жеке іргетастарды қолдану қаңқалары бағандармен арқалықтардан құрастырылған каркасты өндірістік және азаматтық үйлер салғанда тиімді келеді.Мұндай іргетастардың белгілі конструкциялары 3.2,а,ә,б – суреттерде көрсетілген.Іргетастың конструкциясы екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – тұғыр,төменгі бөлігі – төсеніш тақталар/плита/.
Төсеніш плиталарды конструкциялау және арматуралау үшін олардың табанындағы тірек қысымдардың әсерінен иілу деформациясына ұшырауын ,материалдарының беріктігін есептейді.Осылайша плиталардың қажетті биіктігі және олардың арматураларының қимасының ауданы анықталынады.
3.2 – сурет.Каркасты үйлердің құрама бағандарына арналған темірбетоннан жасалатын құйма және іргетастар:а- жалпы көрінісі;1-баған;2-стақан;3-тұғыр;4-төсеніш тақталар/плиталар/;ә-арматуралар;1-болат торлар;б-бағандарды іргетастарға бекіту;1-құйма бетон.
Тұғырдың жоғарғы жағына құрама бағандарды орнатуға арналған стақан /шұңқыр/ жасалынады.Стаканның өлшемдері бағанның көлденең қимасына және оны қатырып бекітетін құйма бетонның қажетті қалыңдықтарына байланысты тағайындалады.
Бір тармақты /қимасы төртбұрышты/ бағандарды орнатуға арналған іргетастардың стаканының тереңдігі / hст / бағанның көлденең қимасының ұзын өлшемінен кем болмауға тиісті.Ал екі тармақты бағандар үшін бұл өлшем мына формула бойынша есептелінеді:hcт≥0,5+0,33вб./мұнда,вб-бағанның екі тармағының сыртқы беттерінің көлденең бағыттағы арақашықтығы,м/.Егер де вб>2,4 м болса ,онда әр тармақтың астына жеке стакан жасалынады.Баған іргетастың стаканына жобада көрсетілген қалыпта орнатылған соң оның айналасындағы арнайы қалдырылған қуысқа бетон қоспасы құйылып ,қатырылып бекітіледі.Іргетасты арматуралаудың жалпы көрінісі 3.2, ә-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |