Байымдау, ұғынып ойлау(суждение)-заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі. Құрылымы жағынан ұғынып ойлау немесе байымдау 3 сатыдан тұрады:
Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой ;
Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой ;
Байланыстар зат пен белгілердің өзара байланысының бар, не жоқ екендігін көрсету;
Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау жаңа хабарды берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
Байқау(наблюдение)-іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды . Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі , яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім оқу материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау үшін пайдаланады. Оған қоса мұғалім оқушыларды байқауға,қоршаған шындықты және әлеуметтік құрылыстарды жүйелі, орынды қабылдауға жетелейді, байқау қорытындысын пайдалануға үйретеді
Барыстарға қойылатын жетекші талап(принцип)-іс-әрекеттегі негізгі,іргелі ой,жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, әйтеуір бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді