Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Сурет 7.1 Педагогикалық процесс блоктарының өзара байланысы



бет58/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   213
Сурет 7.1 Педагогикалық процесс блоктарының өзара байланысы

Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтауға және «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.


Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus – қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай іс-әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
Педагогикалық процестің компоненттері мен құрылымы.
Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев және т.б. зерттеген. Г.К.Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А.Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан да процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.
Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөлімдер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмірсуретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г.Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал – мақсат) ретінде қарастырады.
Алайда мақсат – идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Егер идеал – мақсатқа жету ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртұтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат-міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.
Кейбір мақсат-идеал мен мақсат-міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйлестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект – субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықтан оқушылармен бірге жасау керек.
Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері таңдап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И.Ленин) бағытталуы керектігіне сендіреді. Маркарян Э.С. өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек.
Әрбір көрсетілген қабаттар өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық ол мәдениет адамзат жасаған заттар жиынтығы материалдық құндылықтар (машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер). Бұл мәдениет қабатымен мұра болмайтын біліктер байланысты адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге және жаңаны жасауға, мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардың айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету дейгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс-тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-әрекетте «орындаған».
Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір қабатының ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын меңгеруді талап етуін көрсетеді. Екіншіден мәдениет қабатының әрбіреуі, адамды дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктері, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолдануға болатын, яғни индивидке мәдениет мазмұнын меңгеруге көмектесетін іс-әрекет түрлерін, құралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.
Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал ету қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің өзі барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде маңызды.
Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

  • қандай да болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;

  • кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатымен міндеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді.

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес. Сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстың формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс-әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбегін затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға қажет. Оқушылар үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады. Сондықтан, егер формада (өзара әрекеті ұйымдастыруда) ынтымақтастықтың объектитвті алғы шарты ішінде болса, онда олар балаларды іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.).
Педагогикалық процесс компоненттерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігін көрсетеді, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықтауды шамалайды. Педагогикалық процестің заңдылықтары қандай да болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп-салдар детерминдікпен, жалпылықпен сипатталады. Заңдылықтар объективті осы процеске қатысушылардан – олардың ұнамды көңіл-күйінің тілектерінен тәуелсіз.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігін эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысында анықталды. Егер заңдылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол 3 себептен ұтымды болды. Анықталған заңдылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін, өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте түседі. Ең ақырында қандай да болмасын процестің заңдылықтарын тану оны басқару мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда хх ғасырдың 20-шы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.). Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақытындағы (болдырев Н.И., Щукина Г.И., Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) заңдылықтары зерттеледі. ХХ ғасырдыің соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына шолу жасалған (И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин).
Педагогикалық процестің заңдылықтары «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысты (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген сбеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет