Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:
сабақ аяқталған, оқу процесінде уақыты белгіленген, оның барысында мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;
сабақ – сабақ кестесі бойынша, оқу материалының көлемі ықшамды және уақыт аралығында өткізіледі;
оқушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім, дағды, білік, оқу материалын меңгеруге логикалық ойларын қалыптастыруға жағдай жасалған;
сабақта оқушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық танымдық іс-әрекеттке, оқу-тәрбиенің комплексті міндеттерін шеше отырып жеке тұлғаны дамыту;
мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сонымен қатар, оқушылардың өзара араласуы іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушылар ұжымын қалыптастырады;
сабақтағы қарым-қатынаста оқудағы қарама-қайшылықтар шешіліп, жеке тұлғаның белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы және т.б. жағымды қасиеттері тәрбиеленеді.
Сабақтың типтері, құрылымы. әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
Жаңа білімді игерту.
Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп -сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді. Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |