Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Әңгiме-сұқбат арқылы тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн келтіруге болады. Әңгiме



бет155/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   213
Әңгiме-сұқбат арқылы тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн келтіруге болады. Әңгiме-сұқбат жеке-жеке әрбiр оқушымен, сондай-ақ топппен де жүргiзiледi. Әңгiме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкiн. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тiкелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактiлердi анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерiктi жауапты керек етедi. Жабық сұрақтарда жауаптардың бiрнеше варианттары болуы мүмкiн, олардың арасынан ең лайықты дегенiн таңдап алу керек.
Әңгiме-сұқбат өткiзу үшiн ең алдымен сұрақтардың тiзiмiн жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелiлiкте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушiнiң алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiне сай болуы ?ажет.
Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн бақылап қарауға болады. Олар баланың сыртқы көрiнiсi, мимикалық және пластикалық бейнесi, тiлi мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мiнез-құлқы, сайлаушылық іс-әрекетi, әлеуметтiк құбылыстарға жауап беруi, оның қоршаған ортамен ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық тұрғыдан сапалылығы.
Бақылау, объективтi және кiрiстiрiлген болуы мүмкiн. Кiрiстiрiлген бақылау – бақылаушының өзi сырттай да, iштей де бақылап зерттейтiн процестерiнiң қатысушысы болып келетiн зерттеу әдiсi. Субъективтi бақылау – сырттай бақылау зерттеу, онда бақылаушының бақылау зерттеген жағдайына қатысы болмайды.
Бақылау, объектiсi үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бақыланатын объектi өзiнiң бақыланып жатқанын бiлмесе, онда бұл жасырын бақылау деп аталады. Егер бақылау объектiсi оны бiлетiн болса, онда бұл ашық бақылау деп аталады.
Бақылау үздiксiз және дискреттi болуы мүмкiн. Үздiксiз бақылау кезiнде зерттеушi әрдайым объектiнiң қасында болып, оның мiнез-құлқын зерттейдi. Дискреттi бақылауда зерттеушi объектiнiң мiнез-құлқын белгiлi бiр уақыт аралығында ғана, яғни әр түрлі уа?ытта зерттейдi.
Бақылау өткiзудiң белгiлi бiр тәртiбi бар:

  1. Бақылаудың мақсатын, мiндеттерiн және объектiсiн анықтау.

  2. Бақыланатын құбылыстың негiзгi параметрлерiн анықтау (бақыланатын құбылыстың көрiну дәрежесiн қандай параметрлерi арқылы анықтауға болады).

  3. Бақылаудың кестесін жасау. Ол бақылау объектiсiнiң саны мен бақылауға бөлiнген уақыт мөлшерiне қарай өзгерiп тұрады. Егер бiр оқушының мiнез-құлқын бiрнеше сабақ бойы бақылау керек болса, онда оның кестесі былай болады:


Бақылаудың өлшемдерi

1 сабақ

2 сабақ

3 сабақ

1 көрсеткiш










2 көрсеткiш










3 көрсеткiш










Ал егер бiрнеше оқушыны бiр сабақ iшiнде бақылап зерттеу керек болса, онда кесте өзгередi:



Бақылаудың өлшемдерi

1 оқушы

2 оқушы

3 оқушы

1 көрсеткiш










2 көрсеткiш










3 көрсеткiш













  1. Бақылау нәтижесiне талдау жасау (нәтижелер бақылау кестесінде белгiленедi).

Тәрбиелiлiктi бағалау мәселесi әлi де жете тексерiлмеген және одан әрi зерттеудi керек етедi. Алайда, терең зерттелген педагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиенi жоғары кәсiби түрде ұйымдастыру өте қиын екенi белгiлi.
Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалауда өте жиi қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалiмнiң де іс-әрекетiн бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебiн бiлуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелiлiк сипатын тексеруге мүмкiндiк бередi. Тұтастай оқыту процесiнiң жетiстiгi, негiзiнен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтiң барлық іс-әрекетi, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабiлеттiлiгi шоғырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет