Тақырып 25 Мектептiң оқу-тәрбие процесін басқару.Әдістемелік қызметті ұйымдастыру (1сағат)
Мақсаты: мектепті ң тұтас педагогикалық процессіндегі басқару жұмысының теориялық білімдерімен және әдістемелік негіздерімен танысу.
Мiндеттерi: а) “мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнiн ашу;
ә) басқару қызметтерiн сипаттау;
б) мұғалiмнiң маманды? д?режесін көтеру туралы түсiнiк беру.
Жоспары
“Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi.
Оқу-тәрбие процесіне жетекшілік пен ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.
Педагог кадрлардың әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы.
“Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi.Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен [1.77]. Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз – мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк т?р?ыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.