Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.
Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша қызметтері.
Мектеп басшылығының қызметтерi Қазақстан Республикасының Бiлiм беру Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi мәселелерi бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалы? кадрларды? іс-әрекетiн реттейді.
Төменде тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдарды? жұмыстары келтiрiлген (Сурет 2).
Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметi мен мiндеттерi көрсетілген:
мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;
оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;
әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);
оқушылардың оқу көлемін реттеу;
мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;
оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;