Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік


есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді



бет23/95
Дата06.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#57735
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95
есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді.

  • Сипаты мен көрінісі жағынан лексика былайша сараланады: 1)омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі,көркем шығарма тілі деген ұғымды дабілдіреді.Мыс.,Абайтілінің т.б Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы,

    Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігі нен гөрі айырмашылықтары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

    1. Ат — жұмыс көлігі;

    2. Ат — есім, атау;

    3. Ат — етістік (бұйрық рай).

    Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
    Қас деген төрт сөз бар:

    1. қас — адамның қабағындағы қас;

    2. қас — дұшпан, жау;

    3. қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

    4. қас — ердің қасы

    Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
    Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:

    • 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;

    • 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.

    • 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;

    • 4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.[

    Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды.. Әсіресе,антонимдер мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет