Арматуралардың тоғысу аймақтары. Дайындау орнына байланысты тоғысу аймақтары зауыдтық және монтаждық болып бөлінеді.
Сурет 3,7. Кернеуленбейтін арматураның тоғысу аймақтары
Арматура түріне және дайындалу түріне байланысты тоғысу аймақтары келесідей бөлінеді:
Контактті(сурет 3,7 а);
Доғалық ванналарда (сурет 3,7 б);
Накладкалары бар (сурет 3,7 в,г);
Үстінен (сурет 3,7 д,е);
Таврлы (сурет 3,7 ж);
Контактті – нүктелі (сурет 3,7 з);
3 Арматура мен бетонның сіресуі ТБ-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:
Арматураның кедір-бұдыр беті бетонмен жақсы тіркеседі (3,8 сурет )
Бетонның отыру кезінде арматура беті мен бетон беті арасында үйкелістің күшеюі арқасында;
Арматура беті мен бетон бетінің желімденуі арқасында, цемент коллойдты массаның тұтқырлығы салдарынан.
Тіркесу күші ұлғаяды - бетон классының көтерілуімен,су-цемент қатынасының төмендеуімен, бетон жасының ұлғаюымен жәнекедір-бұдырлықтың көбеюімен.
Сурет 3,8. Арматура мен бетонның тіркесуі;
Арматура мен бетон тіркесу кернеуі ұзындығы бойынша біркелкі болмайды, ең көп ернеу τc max анкеровканың ұзындығына Lan байланысты емес болып келеді. Тіркесудің кернеуінің орташа мәні сырықтағы күш N-ң кірген сырықтың ауданына (u – қима периметрі) бөлгенге тең
τс=N/(Lanu)
зависит от длины анкеровки Lan. Среднее напряжение сцепления определяют как частное от деления усилия в стержне N на площадь заделки (u – периметр сечения).
Достарыңызбен бөлісу: |