Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет2/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,42 Mb.
#34660
1   2   3   4   5   6   7   8

Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған


1-тапсырма: Зат есімдерді теріп алып, тұлғасына қарай кесте бойынша жазыңыз.


Негізгі түбірлі зат есім

Туынды түбірлі зат есім

Біріккен түбірлі зат есім

Қос сөзді зат есім












1. Шығанақ оған бала, оқушы деп қана қарамайды. 2. Астана Есіл, Нұра өзендерінің жағасында орналасқан. 3. Олжабекті ит- құсқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам осы - Шығанақ. 4. Жастар жағы ойнап-күліп тойды қыздырып жіберді. 5. Байдың үйінің алдында қойлар көгенделіп тұр. 6. Қойшы бар жұмысты бітіріп демалуға кетті.



2-тапсырма: Сөздіктен берілген сөздердің орысша баламасын тауып жазыңыз.

Жолаушы Қожа болу

Ресми аты Аумағы

Сәулетті Аудан

Ғимарат


3-тапсырма: Грамматикалық категорияларына қарай зат есім сөздерге талдау жасаңыздар.

Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Кертөбел атын күзетіп жатқан Айбас екен. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Өнер - халықтың рухани азығы. Бірақ ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді. Түн ішінде Жайықтан өтіп кетіпті. Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.

4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.

5-тапсырма: Көмекші есімдерді тауып, шығыс, көмектес септіктерінде септеңіздер.


6-тапсырма: Көмекші есімдерге талдау жасаңыз.

Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, жүгірген балалардың дауысы естіліп еді. Жүгіріп қасына барған Хакімге танымайтын адамша тосырқап қарады. Тозған үй ішінен жылу кеткен. Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас үрген ит дауысы келеді.

7-тапсырма: Көмекші есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.

Артта, ішіне, қасында, жанында, жанына, сыртта, қала, үлкен, ескі, кең, маңындағы, алға.
Қазақ батырлары

Мақсаты: Қазақ батырлары туралы түсініктерін молайту, сөйлеу тілдерін дамыту.

Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. Соғыс кезінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын,жерін кеңейту мақсаттарымен жүргізілген.Үлкен соғыс алдында батырлардың үлкен соғысқа шығуы-олардың басты міндеттері болған. Соғыс бірнеше күнге созылғн.

Сондай батырлардың бірі XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасшы Қабанбай (Ерасыл) батыр.Қабанбайды халық Қаракерей руынан шыққандықтан «Қаракерей Қабанбай» , ал батырлығы үшін «Хан батыры», «Дарабоз» деп атаған.

Қабанбай батыр тек орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға араласқан. Абылай ханның жоңғарларға қарсы жасаған шабуылдарында Қабанбай өзінің ерліктерін көрсеткен.


Тапсырмалар, сұрақтар:

      1. мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз

      2. Мәтінді толықтырыңыз

      3. Түсініксіз сөздерден сөздік құрыңыз

Бақылау түрі: диалог

Әдістемелік нұсқау: Мәтіндегі қиын сөздермен жұмыс жасау арқылы сұхбат жүргізіледі

Үлестірмелі материалдар: Сөздік

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
9.Тақырыбы: Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Көмекші есімдер.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.



Зат есім жасайтын жұрнақтар:

1)З.есімнің рең мәніңн тудыратын жұрнақтар:

-й: атай, әкей:

-еке,-ке,-қа,-а,-е: атаке, әпке:

-тай,-жан: ағатай,әкежан

-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-ң: балақан;

-шақ,-шек: құлыншақ.

-ша,-ше: сандықша.

-ш,-ыш,-іш: қалқаш

-сымақ: таусымақ

-екеш: тас екеш.

2)Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-шы,-ші: қойшы, күйші.

-шылық,-шілік: шаруашылық, кеңшілік.

-лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік: балалық, биіктік, жолдастық.

-кер,-гер: айлакер.

-кеш,-хана,-паз,-қой,-стан,-қор: шайхана,өнерпаз.

3)Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

-м,-ім,-ым: байлам.

-ма,-ме,-ба,-ба,-па,-пе: көрме, кеспе.

-қы,-кі,-ғы,-гі: шалғы, бұрғы.

-с,-ыс,-іс: айтыс, жүріс.

-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек: тарақ, күрек.

-н,-ын,-ін: боран, жуын.

-у: сабау,жамау

-ынды,-інді: шайынды, үгінді.

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: білгіш, сыпырғыш.

-уыш, уіш: өлшеуіш.

-ыр,-ір,-р,-ар,-ер: үңгір, шұқыр.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.

1. «Ана сендерді шексіз сүйеді» сөйлеміндегі зат есімнің қызметін анықтаңыз. Е) Бастауыш.

2. Баяндауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. С) Мұны ойлап тапқан-Есмырза.

3. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. С) Жерді трактормен жыртады.

5. Пысықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. Д) Әсет далада ойнап жүр.

6. Бастауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз. В) Жауапкершілік бұрынғыдан да өсе түсті.

7. «Сен оқушысының» сөйлемдегі зат есімнің қызметін анықтаңыз. Д) Баяндауыш.

8. «Дәрменнің айтқаны ескерусіз қалды» сөйлемдегі зат есімнің қызметін анықтаңыз. Е) анықтауыш.

9. Зат есімнің қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын көрсетіңіз., Д) Бастауыш.

10. Бастауыш қай сөз табынан, белгілеңіз.

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю. Д) Зат есім.

11. Зат есім – сөйлемнің қандай мүшесі, көрсетіңіз.

Осы жұмысыңды тез бітір. Е) Толықтауыш.

12. Жатыс септікті зат есім – сөйлемнің қандай мүшесі, көрсетіңіз.

Жасымызда ғылым бар деп ескермедім. А) Толықтауыш.

13. Табыс септікті зат есім – сөйлемнің қай мүшесі, анықтаңыз.

Туған жеріңді, мектебіңді, әр тал шөбін қадірле. С) Толықтауыш.

14. Зат есімнің толықтауыш қызметінде тұрған сөйлемді табыңыз. Д) Кешегі жұмысты бітір.

15. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз. Е) Ақылды бала-арлы бала.

16. Зат есімнің толықтауыш қызметінде тұрғанын табыңыз. А) Білімді жастан сімірдім, халқыма еңбек сіңірдім.



Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Қонақ қабылдау дәстүрі

Мақсаты: Қазақ отбасына тән қонақ қабылдау дәстүрімен таныстыру.

Қазақ отбасына ерекше тән абзал қасиеттің бірі ежелден бері келе жатқан қонағуарлық. Қандай жағдай болса да құдайы қонақпын деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «барымен базар»дегендей шамасы келгенше сый құрметін көрсетіп, аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс боуы, дінде теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақ асыны «бөлінбеген еншім » деп талап етуге еркі болған.

Қазақ «қырықтың бірі қыдыр» дейді. Мұнысы қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса керек. «Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан шығар.

Әдетте жолаушы қонаға келіп қалғанда бөтен ауылдың ең тәуір деген ақ үйіне, яғни қонақасы беруден қысылмайтын бай үйіне түседі.Сондықтан да «қонақ таңдап қонады» дейді халық. «түскенше қонақ ұялады, түскен соң үй иесі ұялады» деген мақалға сай, қонған қонақты күту міндеті үй иесіне түседі. «Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді» деп, қонақ жатады. Жазды күні қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қысты күні соғым етінен тартылған мүшелі табаққа риза болатын.

Қонағуарлық дәстүр тек қазақ халқына ғана тән қасиет емес.Басқа да халықтар өзінің қонғуарлық салтымен қашаннан зерттеушілер аузына ілінген болатын. Сондықтан бұл дәстүрді Н. Сәрсенбаев бүкіл адамзат қауымына, басқа ұлт өкілдеріне ортақ деп қарайды.

Мына өлеңді жаттап алыңыз

Қонақ келсе есікке,

Жүгіріп шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң қонақты,

Кесір болар нәсіпке.

Мақал-мәтелдер

1. Қыз қонақ

2. Жаман үйді қонағы билейді

3. Қонаққа «кел» демек бар,

«Кет» демек жоқ.

4.Келгенше қонақ ұялар,

Келген соң үй иесі ұялар

5.Құтты қонақ келсе,

Қой егі табады,

Құтсыз қонақ келсе

, Қойға қасқыр шабады.

Тапсырма: Мәтінді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз



Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қонақ қойдан да жуас дегенді қалай түсінесіз?

2. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз

3.Мәтінді мазмұнда.



Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс

Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, сөздікпен жұмыс жасауға арналады.

Үлестірмелі материалдар: Сөздік

Әдебиеттер : Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. –138 б.



10.Тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сын есімнің шырайларысын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет