ОБСӨЖ № 14. ОБСӨЖ тақырыбы: Биологияры оқыту әдістерінің міндеттері.
Мектеп құжатын толтыруды талдау; жинақтау,тұжырымдау.
ОБСӨЖ жоспары: 1. Мектеп биология курысының мазмұнын
2. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,форма-
ларын анықтау,оқыту әдістерін жетілдіру,
3. Оқыту кезінде білімді жетілдіру заңдылықтарын,оқушыларды тәрбиелеумен
Олардың даму ерекшеліктерін зерттеу.
ОБСӨЖ мақсаты: Мектеп биология курысының мазмұнына, оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруды, формаларын анықтауды, оқыту әдістерін жетілдіруді үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні: Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі.
1. Оқыту әдістері және жүйеленуі.
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады.
1963 жылғы философиялық сөздікте “ метод” немесе “әдіс” дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек “іс әрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Қорыта келгенде, оқыту әдісі дегеніміз – мұғалім нің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс әрекеттері – деп айтуға болады. Екі жақты бір – бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу – тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Тест тапсырмалары.