Беташар
.
Беташар
(дәстүр). «Уа
әлеумет! Енді беташар тыңдайық!».
Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай
,
ешкім көре алмайды.
Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс
-
туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді
келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге
оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға
сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын
жігіт ән
-
жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау
-
мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
-
деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық
әзіл
-
қалжыңдарын араластыра «көрімдік» сұрап, жұртты көңілді күлкіге
қарқ қылады. «Беташар» тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа
өмірге
бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |