Бақыт –
адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына
қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыт өмір
мұратының іске асуының адам бойындағы эмоциялық көрінісі.
Балдыз –
әйелдің
жасы кіші туысы.
Бастаңғы –
үлкендер
жолаушылап кеткенде үйде қалған қыз
-
келіншектердің бас қосып, тамақ әзірлеп, құрбыларымен ойын
-
сауық
құруы
.
Бата
-
тілек –
игі тілек, алғыс.
Бауырына салу –
ағайынның баласын асырап алу.
Бәдік –
1. Малға, адамға жұғатын індет, айналма. 2. Бәдік ауруына
қарсы сиқыр, арбау нанымынан туған айтыс
-
өлең.
Бәйіт –
ораза кезінде айтылатын жарапазан сарынындағы өлең
-
жыр.
Бәс тігу –
бәстескен іске жүлде қою, серттесу
Бәсіре –
балаға арнап ен салынған қара мал.
Бейіш –
қасиетті
саналатын өлген адамның рухының орналасатын
жері.
Бесік жасы –
туғаннан 7 айға дейінгі жас кезеңі.
Бесікке салар –
нәрестені алғаш бесікке бөлеумен байланысты
ырым.
Достарыңызбен бөлісу: |